• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2016

Футбол. «Астананың» қарсыластары анықталды

202 рет
көрсетілді

Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан «Астана» футбол клубы В тобында «Олимпиакос» (Грекия), АПОЭЛ (Кипр) және «Янг Бойз» (Швейцария) клубтарымен ойнайды. Қазақстандық команда алғашқы кездесуін Кипрдің Никосия қаласында АПОЭЛЬ клубымен өткізеді. 15 қыркүйек, бейсенбі: АПОЭЛ – «Астана», «Янг Бойз» – «Олимпиакос» 29 қыркүйек, бейсенбі: «Астана» – «Янг Бойз», «Олимпиакос» – АПОЭЛ 20 қазан, бейсенбі: «Олимпиакос» – «Астана». «Янг Бойз» – АПОЭЛ 3 қараша, бейсенбі: «Астана» – «Олимпиакос», АПОЭЛ – «Янг Бойз» 24 қараша, бейсенбі: «Астана» – АПОЭЛ, «Олимпиакос» – «Янг Бойз» 8 желтоқсан, бейсенбі: «Янг Бойз» – «Астана», АПОЭЛ – «Олимпиакос» Дастан КЕНЖАЛИН