• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2016

«Ангрен-Пап» аралығындағы Қамшық тоннелі іске қосылды

330 рет
көрсетілді

Өзбекстанда Ташкент – Әндіжан арасында қатынайтын жолаушылар пойызы бірінші рет Ферғана жазығымен байланыстыратын «Ангрен – Пап» аралығындағы электрлендірілген жаңа теміржол желісі арқылы жүріп өтті. «Узбекистон темир йуллари» баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұзындығы 123 шақырымды құрайтын жаңа учаске қытайлық әріптестердің қатысуымен салынған. Соның ішінде ұзындығы 19,2 шақырым болатын «Қамшық» тоннелі де бар. Ол құрылысының күрделілігі жағынан әлемде – 8-ші, ұзындығы жағынан 13-ші орын алады. Ал ТМД елдері территорияларындағы бірден-бір осындай нысан болып табылады. Тоннельдің батыс порталы теңіз деңгейінен 1324 метр, шығыс порталы 1465 метр биікте орналасқан. Жоба жоспарланған 36 айдың орнына 32 айда салынып бітті. Осынау орасан зор жобаны іске қосуға 3 мыңнан астам теміржолшы, 1 мыңнан аса қытайлық жұмысшылар қатысты. Оның жұмыстарына 600-ден астам қазіргі заманғы техника тартылды. Жаңа темір жол желісі бір жарым мың адамға жұмыс тауып беріп отыр. Мұрат АЙТҚОЖА