• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2016

Дәйекті іс-қимылға жоғары баға

202 рет
көрсетілді

АҚШ палатасының Еуропа, Еуразия және жаңа қауіптер жөніндегі комитетінің төрағасы, республикалық конгресмен Дейна Рорабейкер Қазақстанда өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» конференциясына қатысты мәлімдеме жасады: «Бүкіл әлемнен техника мамандары мен сая­си басшылар «Ядролық қарусыз әлем құру» мақсатында Астанадағы халықаралық конференцияда бас қосты. Соңғы 25 жылда АҚШ пен Қазақстан үкіметтері ядролық материал қауіпсіздігі мен қырғи-қабақ соғыс заманының ядролық бедсенділігінің салдарын азайту ісіндегі табысты ынтымақтастықтың жемісін көруде. Мемлекеттеріміздің бірлескен жұмысы өңірлік тұрақтылық пен халық­ара­лық қауіпсіздікті артт­ыру ісіне өз үлесін қосты. Конференцияның өткі­зілу күні БҰҰ-ның Яд­ро­лық сынақтарға қар­сы іс-қимылдың халық­аралық күнімен сәй­кес келетіні заң­ды. Мен Қазақстан хал­қының ядролық қарусыздануға деген бұлжымас сенімділігін және ел үкіметінің бұл саладағы дәйекті іс-қимылын жоғары бағалаймын. Мен конференцияға сәттілік тілеймін.