• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2016

Сіздің бастамаларыңыз тәнті етпей қоймайды

318 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа  Жоғары Мәртебелі Президент мырза! Халықаралық медиа-өкіл және әлемдегі ахуалдың нашарлап кетуіне алаңдаушы азамат ретінде Сізге және Қазақстан Үкіметіне ядролық қарусыздану ісіне берілгендігіңіз бен ұмтылысыңыз үшін өзімнің ризашылығымды білдіруім қажет деп санаймын. Ядролық державаның тумасы бола отырып мен бірнеше супердержавалардың ОСВ-І, ОСВ-ІІ және СНВ секілді форумдарда адамдардың және қарапайым халықтың болашақ тағдырын шешетін келіссөздер жүргізген заманда өсіп-жетілдім. Кеңес Ода­ғы ыдырағаннан кейін күмәнді ре­жімдерге ядролық қару сатып алу­дың белгілі бір мүмкіндігі туды. Сіздің Семей ядролық сынақ полигонын жабуға бастамашылық танытқаныңыз тәнті етпей қоймайды. Бұл полигон өңірдегі адамдар мен болашақ ұрпақтың денсаулығына орны толмас орасан зор зардабын тигізіп келген қарғыс атқан жерге айналды. Бір қуанарлығы, өзіне полигонның физикалық та, психологиялық та кері әсерін айқын сезінген Кәріп­бек Күйіков секілді талантты су­ретшілер қатал тағдырға қарсы тұрып қана қоймай, осынау жан-түршігерлік тәжірибені өзге әлем­мен бөлісуге қол жеткізе алды. Сіздің ядролық қарусыздану мен әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолында жұм­сап келе жатқан адам айтқысыз күш-жігерің­ізді мойындай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әлемдік қоғамдастық Қазақстанды Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды. Барлық құрлықтардың, әсіресе, Еуропа мен Азияның азаматтары әлемге түрлі әдіс-тәсілдермен, оның ішінде ядролық арсенал да бар, қатер төндірген неоимпериалистік күштер алдында үрей-қорқынышсыз өмір сүрулері тиіс. Көреген шетелдік сарапшылар атом энергетикасы мен Төмен байытылған уран  еңбек өнімділігі мен экономикалық өсімді арттыру үшін тиімді түрде пайдаланылуы керек екенін түсінеді. Мен жақында жарияланған «Қазақстан – серпінді өсу жолында» деген мақаламды зерттеп, жазу кезінде Сіз бен Сіздің командаңыз 2050 жылға қарай Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін жүзеге асырып жатқан жан-жақты құрылымдық саясатқа көңілім толды. Құрметпен және шынайы тілектермен, Прашун ДУТТ, «The Sun Daily» газеті редакциялық алқасының мүшесі