• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2016

100 жастағы қарт әжей Канадада өткен марафонға қатысты

202 рет
көрсетілді

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, халықаралық жаппай жүгіру марафонына үндістандық 100 жастағы қарт әжей қатысып, 100 метрді 1,5 минутта бағындырған. Бір қызығы, осы марафонға оның 78 жастағы ұлы Гурдев Сингх те қатысқан. «Анам жүгірумен 7 жылдан бері айналысып келеді. Осы жылдар ішінде ол көптеген жарыстардың жеңімпазы атанса, 100 жастан асқан спортшылар арасында өткен марафонда бірінші келіп, алтын медаль алды», – дейді Гурдев Сингх. Ал қарт әжейдің өзі: «Ұзақ өмір сүруі мен спорттық жетістіктерінің құпиясын жақсы тамақтанып, физикалық жаттығулар жасауымның арқасы», – дейді. Талғат РАЙЫМБЕК