• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2011

Аймақтық балалар ауруханасы Өтеген батыр кентінде ашылды

619 рет
көрсетілді

Жеткіншек ұрпақтың дені­нің сау болуына қам­қорлық жа­сау мақсатында жалпы құ­ны 3,3 млрд. теңге   болған ай­мақ­тық балалар ауруханасы­ның құ­ры­лысы аяқталып,  күні кеше пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдар­ламасымен бағы жанған ауруханада 200 бала стационарда емделсе, күніне 400-ден аса адамға түрлі емдік шаралар жасалады. Емхана кешендерін заманауи құрал-жабдық­тармен қамтуға 733 млн. теңге жұмса­лы­пты. Осылайша ауруханада 630 қызметкер жұмыспен қам­тылды. Оның 161-і  жоғары білімді кәсіби дәрігерлер. Олардың қайтарымды еңбек етуіне жағдай жасау мақсатында жақын жерден аудан бюджетінен бөлінген қаржыға 30 отбасылық тұрғын үй құрылысы да аяқталып, баспанаға зәру мамандарға берілмекші. Демек, тағы да қоныс тойын тойлайтын сәт жақын. Өтеген батыр кентіндегі аймақтық аурухананың ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Үмбетов қа­тыс­ты. Әкім қоғамның басты байлығы – адам денсау­лығын қорғау мен жақсарту бағытындағы жұмысты жетілдіру, дәрігерлердің біліктілігін арттыру бүгінгі күннің басты міндеті екендігін атап көрсете келіп, енді аз уақытта тағы бір денсаулық нысаны Талғар қаласында ашыла­тынын да еске сала кетті. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.