• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2016

Шавкат Мирзияев – Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы

220 рет
көрсетілді

Өзбекстан парламенті премьер-министр Шавкат Мирзияевті ел президентінің міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындады. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлады. Мирзияевтің кандидатурасы парламенттің қос палатасының біріккен отырысында бекітілді. Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімов қыркүйектің 2-сі күні 79 жасында миына қан құйылып қайтыс болған еді. Сейсенбі күні Шавкат Мирзияев Самарқанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл оның бірінші президент қайтыс болғаннан кейінгі шетел басшысымен алғашқы ресми кездесуі болатын. «Егемен-ақпарат»