• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №184

434 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 29 маусым №184 Астана қаласы «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 23-3)-тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемле­кеттік тіркеу тізілімінде №10164 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 6 ақпа­нында жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Прокаттау куәлігі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12460 болып тіркелген, «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №366 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша беріледі. Прокаттау куәлігі уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында рәсімделеді, өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жолданады.»; көрсетілген бұйрыққа қоса берілген қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпарат-құқықтық жүйесіне ресми жариялау үшін жолдауды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтіз­белік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаң­басымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақ­стан Республикасы нормативтік құқықтық актіле­рінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Респуб­ликасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемле­кеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №184 бұйрығына қосымша Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасына қосымша Нысан _______________________________________ (фильмге прокаттау куәлігін беретін органның толық атауы, орган басшысының тегі, аты, жөні (болған жағдайда) _______________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, заңды тұлға басшысының тегі, аты, жөні (болған жағдайда) немесе жеке тұлғаның тегі, аты, жөні (болған жағдайда) Өтініш Сізден фильмге прокаттау куәлігін беруді сұраймын:__________________________________(фильмнің атауы) _____________________________________________________________________________________________ Фильм қоюға негіз болған әдеби туындының атауы және авторы: _____________________________________________________________________________________________ Фильмді шығарған ел:__________________________________________________________________________ Фильмді шығарушы- студия:_____________________________________________________________________ Фильмнің шыққан жылы: _________________________________________________________________________ Фильмнің форматы: ______________________________________________________________________________ Фильмнің хронометражы: _________________________________________________________________________ Сценарий авторы: _______________________________________________________________________________ Қоюшы-режиссер: _______________________________________________________________________________ Қоюшы-оператор: _______________________________________________________________________________ Қоюшы-суретші: ________________________________________________________________________________ Музыкалық шығарманың авторы: __________________________________________________________________ Фильм серияларының саны: _______________________________________________________________________ Фильмнің жанры: ________________________________________________________________________________ Фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (болған жағдайда):_____________________________________________ Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі бойынша ақпарат: ________________________________________ Өтініш берушінің деректемелері ___________________________________________________________________ (заңды мекенжайы, пошталық индексі, электрондық поштасы, телефоны, факс) _______________________________________________________________________________________________ (заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлға үшін –жеке сәйкестендіру нөмірі) Өтініш берілген күн: ___________________________________________________________ Өтініш берушінің тегі, аты, жөні (болған жағдайда)____________________________________ (қолы) Мөр oрны Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14044 болып енгізілді.