• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі Ұлттық экономика министрлігі №147, №149

678 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 4 сәуір №147 Астана қаласы 2016 жылғы 28 наурыз №149 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Бағалау қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған бағалау қызметі саласындағы тексеру парағы бекітілсін. 2. Мыналар: 1) «Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 31 қазандағы №354 және Қазақстан Республикасьі Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 қазандағы №339 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7301 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 188-192(27266); 2) «Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында ТәуекеД дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 31 қазандағы №355 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 қазандағы №341 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтьщ актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7300 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 188-192 (27266) күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін үйымдастыру департаменті: 1) осы бірлескен бүйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бүйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-кұқықтық жүйесіінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бүйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Әділет министрі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ___________Б.ИМАШЕВ министрі ______________Е.ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы ___________________С.АЙТПАЕВА 2016 жылғы «_____» ____________ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі №147 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №149 бірлескен бұйрығымен бекітілген Бағалау қызметі саласындағы тексеру парағы Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган__________________________ ______________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт__________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы_________________________ ______________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН___________________ ______________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________ ______________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етіл-мейді Талаптар-ға сәйкес келеді Талаптар-ға сәйкес келмейді 1 2 3 4 5 6 1. Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі не зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы 2. Шарт негізінде бағалау 3. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бағалау туралы есеп жасаудың дұрыстығы 4. Хронологиялық тәртіпте бағалау жүргізуге шарттардың нөмірлері көрсетіле отырып бағалау жүргізу есептері кітабының болуы 5. Бағалау туралы жасалған есептерді 5 жыл ішінде сақтау туралы талапты сақтау 6. Бір бағалаушылар палатасында мүшелікте болу Лауазымды адам (адамдар)_______________________________ (лауазымы) (қолы) ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) Тексерілетін субъектінің басшысы__________________________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13628 болып енгізілді.