Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Астана мен Алматы қалаларының және облыс әкімдерінің қатысуымен өткен отырыс барысында ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде биыл еліміз бірқатар тарихи маңызды оқиғаны мерекелейтінін айтты.
– Биыл біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл оқиға аясындағы барлық мерекелік іс-шаралар тиісті қоғамдық-саяси тәртіпті қамтамасыз ете отырып, жоғары деңгейде өткізілуі керек. Бұл, әсіресе, біздің сыртқы және ішкі қауіпсіздігімізге әсер ететін әлемдегі сын-қатерлердің артуы кезінде айрықша өзекті болып отыр, – деді Елбасы.
Бұдан бөлек, өңірлер әкімдеріне Ұлт жоспарын, қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді тиімді орындау, жұмыспен қамту және халықтың мұң-мұқтажына уақтылы назар аудару, сондай-ақ, жергілікті жерлерде идеологиялық жұмыстарды жақсарту жөнінде міндеттер қойылды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша