• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2011

Әлеуметтік қамсыздандырудың жоғары деңгейі

426 рет
көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» ак­ционерлік қоғамы мен «Өзен­мұ­найгаз» және «Ембімұнайгаз» өнді­ріс­тік филиал­да­ры арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған жаңа Ұжым­дық шартқа қол қойылды. Бұл шартта филиал жұмыс­кер­ле­рі мен олардың отбасы мүшелеріне кепілдіктер мен өтемақы беруге қатысты жағ­дайлар, оның ішінде емдеу және сауықтыру шығындарын өтеу, еңбек жағдай­ла­ры­ның қауіпсіздігін арттыру белгіленген. Айтулы рәсімде «ҚазМұнайГаз» Бар­­лау Өндіру» АҚ бас директоры К.Иб­рашев сөз сөйлеп, жаңа Ұжым­дық шарт­тың қабыл­да­нуымен оған қаты­су­шы тараптардың бар­лығын құттықтап: «Жаңа Ұжымдық шарт – ауқымды атқарылған жұмыстың нәтижесі. Енді алда тұрған басты мәселеміз – өн­дірістік көр­сеткіштердің орында­лу­ын­да. Біз осыған жұмылуымыз керек», – деді бас директор. Естеріңізге сала кетейік, Ұжым­дық шарт­ты дайындау жұмысы өткен жылдың мамыр айында басталып, то­ғыз айға жуық уақытқа созылды. Жаңа Ұжымдық шарт­тың жобасы өндірістік филиал еңбек ұжым­дары арасында кеңінен талқыланып, қолдау тапты. Мұнайшылардың кәсіподақ ұйым­дары тарапынан болған көптеген ұсы­ныс-тілектер жобаны дайындау жө­нін­дегі Комиссияның бірқатар отырыста­рын­да қаралды. Комиссия мұнайшы­лар­дың әрбір ұсыныс-тілегін жіті қа­рап, жан-жақты талқыдан өткізді. Жа­ңа ұжымдық шарт жобасының дайын­ды­ғына қалың мұнайшы қауым белсенді атсалысты. Атап айтатын бол­сақ, шартты екі жақты талқылау шешімі бойынша, енді әйелдер 50 және 55 жасқа, ал ер адамдар 50 және 60 жасқа толған кезде, сондай-ақ сәби дүниеге келген кезде көрсетілетін материал­дық кө­мек­тер сақталатын болса, жыл сайын Отан қорғаушылар күніне, ау­ған соғысына қаты­су­шыларға, сондай-ақ Мүгедектер күніне бала кезінен мүгедек балалары бар қызмет­кер­лер­ге салықтар есептелместен қаржылық жылда белгіленген елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі деп отыр. Ұжымдық шартқа сай, жыл сайын Мүгедектер күніне 3-топтағы мүгедек қыз­мет­­­кер­лерге салықтар есептелместен қаржы­лық жылда белгіленген елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мате­ри­алдық көмек беріледі. Көктемде ата­лып өтетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне берілетін төлем де бұрынғысынша сақталып қалды. Ат­ал­­мыш ұжымдағы жалақысы сақтал­май­тын демалыстағы жас аналарға ай сайын ба­ла­ны күтуге байланысты тиісті төлем төленеді. Еңбек еткен әрбір адамның жақсы тынығуға, емделуге құқы бар. Ауыр дене еңбегінен, миға күш түсіретін қыз­мет­тен шаршаған адамның бір ау­ық демалыс орындарында тынық­қысы келетіні белгілі. Осы орайда, жаңа Ұжымдық шартта компания өндірістік филиалдары қызметкер­лерінің және от­басы мүшелерінің емделуін, демалу­ын жәрдемақымен қолдап отыратын бола­ды. Бүгінгі таңда көптеген кәсіп­ор­ын­дарда уақтылы жалақы төленбей жата­ды, өз құқықтарын білмей, Ұж­ым­дық шартсыз қызмет етіп жүр­гендер соның салдарынан жапа шегуде. Ал «Қаз­Мұ­найГаз» Барлау Өн­ді­ру» акционерлік қо­ға­мы­мен «Өзенмұ­найгаз» және «Ем­бі­мұ­най­газ» өндіріс­тік фи­лиалдары дер кезінде Ұжым­дық шарт­тарды жүзеге асыру­ларының ар­қасында бүгінде өн­дірістің барлық са­ла­лары бойынша төлем­ақы төлеу, жұ­мыскерлердің еңбек ету жағ­дайының сапасын арттыру, әлеуметтік кө­мек­тер мен кепілдіктер, еңбек уақыты мен ең­бек демалысы, еңбекақы мөлшері мен түрлері және басқа да әлеуметтік-еңбек қа­ты­настары толыққанды іске асырылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2010 жыл­дың 31 желтоқсанында қолдану мерзімі аяқ­тал­ған бұрынғы Ұжымдық шарт 2008 жылы республикалық биз­нес­тің әлеу­меттік жауапкершілігі бай­қау­ында үздік аталып, «Па­рыз» сый­лы­ғын ал­ған бо­латын. Сондықтан да жаңа Ұж­ымдық шартта бұрынғы қол­даныста болған құ­жаттың негізгі параметрлері сақталғанын баса айтқан жөн. Со­ны­мен қатар қол­данысқа енгізіліп отыр­ған құжат жаңа әлеуметтік игіліктермен одан әрі жақ­сартылып отыр. Жаңа Ұжымдық шартқа жан-жақ­ты тоқталсақ, жұмыскердің еңбек міндеттерін атқару кезінде көрсе­ті­летін әлеуметтік кепілдіктер өзгеріссіз сақ­талды. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен мұнайшылардың кәсіпші­лік­те еңбек етуіне тұрмыстық жағдай­лар­ды жасайды. Мұнайшылардың күнде­лікті жұ­мыс орындарына барып келуін тасымалдауға автокөлік бөледі. Жұмыс беруші өз қаражатының есебінен еңбек үдерісін мұнай кә­сіп­шіліктерінде жү­зеге асыратын, өнер­кә­сіптік аймақта еңбек ететін жұмыс­керлерді ыстық түскі тамақпен қам­тамасыз етеді. Жұмыс беруші қажеттілігіне қарай асханалар, тұрмыстық-шаруашылық ке­­шендерді, жуынуға арналған орын­да­ры бар опе­ра­тор­лық блоктарды са­луды қам­та­масыз етеді. Жұ­мыс беруші бұған дейін де жұмыс­кер­лер­дің еңбек етуіне жағ­дай жасау, жақсарту ба­ғы­тында атқарып отырған жұмысын одан әрі де жал­ғас­тыратынын құжат жүзінде қуаттап отыр. Жұмыс беруші қызметкерлерге Қа­­зақстан заңдарында көзделген әлеу­мет­тік жәрдемақы мен оған қосымша тө­леуді қам­титын уақытша жұмысқа жа­рам­сыз­дығы бойынша жәрдемақы тө­леуді жүр­гізеді. Уақытша еңбекке жа­рам­сыздығы бойынша жәрдемақы тө­леу үшін мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі қыз­меткердің Қоғамның тиісті құ­рылымдық бөлім­ше­сіне берген еңбек қызметін растайтын құ­жат­тардың негізінде есептеледі. Жәрде­м­ақы еңбекке жарамсыздығы кезеңіне дөп келген жұмыс күндеріне бара-бар төленеді. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы жұмыскерлерінің еңбек, әлеумет құқықтарын заңды түр­де, Ұжым­дық шарттың ережелеріне байланысты сақтап, орындалуын жү­зе­ге асыруы, атал­мыш өндірістің өрке­ниеттілігін көрсетеді. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді ата­мыз қазақ. Осы бірлігі жарасқан өндіріс, өзде­рінің жұмыскерлерінің өркендеп, ол­ар­дың іштей топтасуына қосқан жеке үлесімен ерекшеленіп отыр. Индира БЕРКІМБАЕВА.