Еуропа лигасының топтық турниріндегі бірінші кездесуін Кипр астанасы Никосияда жергілікті Апоэлмен өткізген Астана 2:1 есебімен жеңіліп қалды.
Бірінші таймда Апоэл көбірек шабуылдап, Ненад Эричтің қақпасына бірнеше қауіп төндірді. Алайда, ойынның 45-минутында Неманья Максимович гол соғып, Астананы алға шығарды.
Екінші таймда Апоэлдің жартылай қорғаушысы Франко Винисиус астаналық қорғаушы Абзал Бейсебековтің қателігінін пайдаланып есепті теңестіріп кетті. Ойын аяқталуға бірнеше минут қалғанда алаң иелері тағы гол соғып алға шықты. Бұл жолы қателік біздің қақпашы Эричтен болды. Ал гол авторы шабуылшы Игорь де Камарго.
Осы топта қатар өткен кездесуде Швейцарияның Янг Бойз командасы Грекияның Олимпиакосымен ойнап, 1:2 есебімен жеңілді.
Келесі ойында Астана қыркүйектің 29-ы күні өз алаңында Янг Бойзды қабылдайды.