• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2016

Жергілікті полиция жаяу жүрмейді

269 рет
көрсетілді

Елбасы Оңтүстікке келген бір сапарында «Шымкент – Қазақстанның Астана, Ал­ма­тыдан кейінгі үшінші қаласы болады» деген болатын. Қала ауқымы кеңейді, Төле би, Сайрам және Ордабасы ауданынан қалаға жақын орналасқан елді мекендер қосылды. Халықтың саны бір миллионға жетеғабыл облыс орталығында тәртіпті нығай­ту үшін Жергілікті полиция қызметі құрылған болатын. Жақында облыс әкімі Б.Атам­құлов ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамасына жаңа көліктердің кілтін берді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларда 73 «KIA-Rio» маркалы машиналар жол-патрульдік полиция қыз­мет­керлеріне берілсе, учаскелік полиция қызметкерлері ВАЗ-2121010 маркалы бес машинаға ие болды. Полиция қызметкерлерін Тәуелсіздік мерекесі қарса­ңын­дағы жақсы жаңалықтарымен құттықтаған аймақ басшысы құрылғанына бір жыл болған Жергілікті полиция қызметінің халық арасында үлкен беделге ие екендігін атап өтті. Алдағы уақытта да ел сенімінен шығуларына тілектестігін білдірді. Қоғамдық тәртіп сақшылары өздеріне артылған жауапкершілік үдесінен шығатындықтарын айтып, алаңнан салтанатты шерумен жүріп өтті.  Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы