• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2016

"Головкин мен Альварес келесі жылы кездеседі"

409 рет
көрсетілді

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя орта салмақтағы жұртшылық асыға күтіп отырған кездесудің қашан болатынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 2017 жылы болады. "Жұрт Головкин-"Канело" кездесуін бір жылдан аса уақыттан бері күтіп отыр. Ал Пакьяо-Мейвезер сегіз жыл күткен болатын. Кездесу келесі жылы біз дайын болғанда өтеді. "Канело" 154 фунтта жұдырықтасады, ал Головкин 160 фунтта. "Канело" орта салмақта кездесуге дайын болған кезде біз бұл кездесуді ұйымдастырамыз" деді Оскар Де Ла Хойя. Оның бұл сөзін Boxingnewsonline.net атты бокс жаңалықтарына арналған интернет-басылым келтіреді.   17 қыркүйекте Альварес WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Лиам Смитпен рингке шығады.