• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2016

Футзалдан Қазақстан құрамасы Коста-Риканы ұтты

280 рет
көрсетілді

Колумбияда өтіп жатқан футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионатының екінші матчында Қазақстан құрамасы Коста-Риканы 3:1 есебімен ұтып кетті. Ойынның алғашқы минутында Дуглас қарсыластарының қақпасына әдемі гол салды. Алайда, 15-ші минутында Алехандро Паньягуа есепті теңестіріп кетті. Ал 1-ші тайм соңында Павел Таку тағы бір гол соқты. Ойынның екінші жартысы басталғанда қазақстандықтар айып добын орындап, таблодағы есепті 1:3 жеткізді. Голдың авторы Лео. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 19 қыркүйек күні Астана уақытымен 03:00-де Соломон аралдарына қарсы өткізеді. Мачты «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Коста-Рика - Қазақстан 1:3 (1:2) Голдар: Дуглас 1 (0:1), Паньягуа 15 (1:1), Таку 16 (1:2), Лео 21 (1:3) Егемен-ақпарат