• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2016

Балабақшаның да «халалы» бар

280 рет
көрсетілді

Халал асхана, халал монша туралы естіп жүрміз. Ал «халал» балабақша дегенді ше? Балабақша бұлайша бөлінбеуі керек-тін. Бірақ бөлінеді екен. Сонда бұл орталық балақайға намаз оқытып, діни тәрбие бере ме? Жоқ. Бар мәселе балабақшаның ас мәзірінде екен. Әңгімелеп отырған орталығымыз Астанада орналасқан. Қазір сыртқы қаптамасында «халал» деген жазуы бар тауарларды алушылар көбейген. Әсіресе, ет пен шұжықтың халалын ғана алуды жөн көреді көпшілік. Бұған еліміздің жетпіс пайыздан астамы Ислам дінін ұстанатындығы себеп. Ендеше, балаларға «таза ас» беретін балабақшаның пайда болу да заңды нәрсе. «Балабақша ашылған жылдары тексерулер көп болды. Ата-аналар тарапынан «балаларға діни тәрбие бересіздер ме?» деп сұрақтар қойылатын. Бірақ біз балаларға халал тағамдарды ғана береміз. Өзге балабақшалардан артықшылығымыз осы», – дейді балабақша директоры Гүлсара Тінібек. Отыз жылдан аса уақыт осы салада жұмыс істеп жүрген Г.Нұрсейітқызы құс етін де сауда нүктелерінен алынбайтындығын жеткізді. Керек десе, балабақша маңынан төрт түлік пен құс асырайтын арнайы орын ашпақ ниеті бар. Бірақ заң рұқсат етпейді. Сол себепті арнайы шаруа қожалықтарымен байланыс орнатып отырғанын жеткізді. Нұрбай ШӘКІМ