• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2016

Елбасы бастамалары таныстырылды

227 рет
көрсетілді

Жақында БҰҰ Қарусыздану конференциясының қорытынды пленарлық отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Қазақстанның қарусыздану және қауіпсіздік салаларындағы кейінгі бастамалары туралы мәлімдеме жасады. Қазақстан дипломаты қа­тысушыларды таяуда Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясында қабылданған Astana Vision декларациясының ба­сым­дықтарымен таныстырып өтті. Құжат БҰҰ Қарусыздану кон­фе­рен­ция­сының ресми құжаты ретінде тіркелді. Ж.Айтжанова Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев халық­аралық қоғамдастықты ядро­лық қауіпсіздіктің негізін құрайтын халықаралық шарттар мен институттарды әрі қарай нығайту бойынша міндеттемелерді қабылдауға ерекше назар аударғанын атап өтті. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның қызметі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталатынын айтты. Ж.Айтжанова қатысу-­­ шы­ларға осы жылғы қарашада Ас­танада өтетін Бірінші бейбітшілік саммиті бары­сын­да тұңғыш рет ядро­лық қару­сыздану және қауіп­сіздік сала­ларындағы іске қос­қан үлесі үшін Халық­ара­лық Назарбаев сыйлығы табысталатынын хабарлады. Жиналғандарды іс-шараға қатысуға шақырды. Қазақстанның Тұрақты өкілі сөзін қорытындылай келе конференцияға қаты­су­шы­ларды Корей Халық Демократиялық Рес­пуб­ликасының үстіміздегі жылғы 9 қыркүйекте жасаған ядролық сынағына қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесімен таныс­тырды. Құжатта Қазақстан КХДР-ды алтыжақты келіс­сөздерге оралып, ядролық кеудемсоқтықтан толықтай бас тартуға шақырады. «Егемен-ақпарат»