Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің құрылыс алаңында болып, бұл ерекше нысанның даму жоспарымен танысты.
Төраға «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігін айта келіп, көрме нысандарын салудағы жоғары қарқынды атап өтті. Қ.Тоқаев, сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға тілектестігін білдірді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.