2016 жылғы 19 тамыз , Астана қаласы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9775 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қазандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ережесінде:
14-тармақта:
12), 13), 17), 19), 20), 21), 22) тармақшалар алынып тасталсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;»;
24), 27), 30) тармақшалар алынып тасталсын;
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«36) электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергияөндіруші ұйымдар үшін жеке тариф бекіту;»;
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«56) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесіне енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;»;
65) тармақша алынып тасталсын;
66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«66) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу;»;
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«71) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;»;
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«75) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметін мониторингiлеуді жүзеге асыру;»;
77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«77) нарық субъектiлерi, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті қорғау салысында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен тергеу жүргізу;»;
83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«83) бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат пен басқа да мониторингілер деректерін ұсыну;»;
85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«85) мыналардың:
экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың;
мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы өтінішхаттың;
нарық субъектiлерi ұсынатын өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша, өндiру мен өткізу көлемдері, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысандарын белгілеу және айқындау;»;
92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«92) мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актiлердi жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздерi жасаған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келетін келiсiмдердi бұзу немесе өзгерту туралы және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдардың жасау туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар енгiзу;»;
мынадай мазмұндағы 94-1), 94-2), 94-3), 94-4), 94-5) және 94-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«94-1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты таратуды және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асыру;
94-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгіну;
94-3) нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жіберу;
94-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеу;
94-5) табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметаларының жобаларына талдау мен сараптама жүргізу мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру және ол туралы ережені бекіту;
94-6) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің нысанын бекіту;».
«Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» деген бөлім алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап енгiзiледi.
Министр Қ. БИШІМБАЕВ