2016 жылғы 20 қаңтар, Астана қаласы
«Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11473 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесінде, мөлшерлемелер көлемінде және олардың қолданылу мерзімінде:
«
2709 00 900 94 Шикі мұнай - 60 доллар 60 доллар тұрақты
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2709 00 900 94 Шикі мұнай - 40 доллар 40 доллар 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін
».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ
«КЕЛІСІЛген»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 20 қаңтар «КЕЛІСІЛген»
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
___________В. Школьник
2016 жылғы 20 қаңтар
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12895 болып енгізілді.