Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Маңғыстау облысындағы Шайыр ауылында жаңадан спорт кешені ашылды.
Шайыр ауылы Маңғыстау ауданындағы ең шалғайда орналасқан елді мекен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұндай ғимарат бұрын-соңды болмаған. Спорт кешенін жергілікті кәсіпкер салған. Ғимарат заманауи үлгіде бой көтерген. Іші спортқа қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
Кәсіпкер спорт кешенін салу үшін 43 миллион теңге жұмсаған. Қазіргі таңда мұнда дзюдо үйірмесі жұмыс істейді. Алдағы уақытта мұнда түрлі спорт үйірмелері ашылатын болады.
Талғат РАЙЫМБЕК
Фото: 24.kz