• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2016

Алматыда 3000 орындық «Халық Арена» ашылды

357 рет
көрсетілді

Президент Алматының Медеу ауданындағы жаңа спорт кешенінің ашылуына қатысты деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Мемлекет басшысы ғимараттың қызметімен танысып, кешен аумағын аралады. Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев бір топ әйгілі спортшымен кездесіп, әңгімелесті. – Қазақстан өзін спорт державасы ретінде таныта білді. Бұл жетістіктермен шектелмеу керек. Спорттағы еліміз бағындырған биіктердің деңгейін бұдан әрі көтере түсу қажет. Мемлекет халықтың денсаулығына баса көңіл бөліп отыр. Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық барысында заманауи спорт ғимараттары салынды. Ол көпшіліктің, әсіресе балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына қосымша серпін береді, – деді Мемлекет басшысы. 3 мың көрерменге арналған мұз айдыны хоккей жарыстарын өткізуге лайықталған. Универсиададан кейін «Халық Аренаны» қалалық хоккей командаларының ойын алаңына, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, сондай-ақ тұрғындардың жаппай сырғанау орталығына айналдыру жоспарлануда. Кешен концерттер, көпшілік мәдени іс-шаралар өткізуге лайықталып, қазіргі заманғы жарық және дыбыс құрылғыларымен жабдықталған. Егемен-ақпарат