• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2016

Балуандар Нұркен турнирінде белдесті

300 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласында еркін, грек-рим және әйелдер күресі бойынша Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нұркен Әбдіровті еске түсіруге арналған 49-шы республикалық турнир өтті. Боз кілем үстінде еліміздің барлық өңірінен келген 300-ге тарта спортшы күш сынасты. Балуандар сегіз салмақ бойынша 32 медаль жиынтығын сарапқа салды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және де Қарағанды облыстық еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген балуандарға «ҚР спорт шебері» атағы берілді. Сондай-ақ, олимпиялық емес салмақ түрлері бойынша (грек-рим күресі – 71, 80 кг., еркін күрес – 70 кг.) үздік шыққан шеберлер желтоқсан айында Будапеште өтетін әлем чемпионатында күресуге мүмкіндік беретін  жолдамаға ие болды. Қайрат Әбілдинов  
Соңғы жаңалықтар