• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2016

Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды

305 рет
көрсетілді

Бухарестте Қазақстан Республикасы Cыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Румыния Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Дануц Некулаескудің төрағалығымен Қазақстан мен Румыния сыртқы саясат ведомстволарының арасында кезекті консультациялар өтті. Кездесу барысында тараптар екі­­­­­жақты және көпжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын талқылады, сондай-ақ саяси үнқа­тысу мен сауда-экономикалық, инвести­циялық ынтымақтастықты жандандыру ниеттерін білдіріп, мәдениет, білім беру және туризм салаларындағы бай­ланыстарды нығайтуға шақырды. Осы тұрғыда, ерекше назарға ілін­ген Қазақстан-Румыния үкіметаралық сау­да-экономикалық және ғылыми-тех­ни­калық ынтымақтастығы жөніндегі комис­сияның жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Румынияның ЭКСПО-2017 халық­аралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы жөніндегі мәселе жеке қаралды. Тараптар БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде келешек өзара әрекеттесуі мәселелерін де егжей-тегжейлі қарастырды. Халық­аралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасты. Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім елдердің ұзақ мерзімді тиімді ынтымақтасты­ғын дамытуға серпін беретіні атап өтілді. Алдағы кезеңде жан-жақты ынты­мақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен қадамдар келіссөздер нәти­жесінде қол қойылған 2017-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Румыния сыртқы істер министрліктері арасындағы іс-әрекеттер жоспарымен бекітілген болатын. Сонымен қатар, Бухарестте Р.Васи­ленко Румынияның Сыртқы істер ми­нистрі Лазэр Комэнеску, осы ел Пар­ламенті Сенатының Халықаралық қа­тынастар жөніндегі комитетінің төр­ағасы Петр Филип және Энергетика ми­нистрлігінің Мемлекеттік хатшысы Аристотель Жудемен кездесулер өткі­зіп, Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған конференцияда сөз сөйледі. Аталған конференция­ға Румыния Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми топтары мен дипломатиялық корпустың және үкіметтік емес ұйымдардың өкіл­дері қатысты. «Егемен-ақпарат»