• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2016

Оңтүстікте ірі жол апатынан 6 адам қаза тапты

299 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 15 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жол апаты Алматы-Ташкент тасжолының бойындағы Қазығұрт ауданының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, «Форд-транзит» маркалы жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус пен «Тойота» көлігі соқтығысқан. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның анық-қанығын зерттеуде. Алдын ала болжам бойынша, шағын автобус қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен болуы мүмкін. Қаза тапқандардың ішінде 2013 жылы туған бүлдіршін бар. Талғат РАЙЫМБЕК