• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2016

Салтанат Бақаева: «Киім мен макияжды өзгерту оңай»

415 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі «Қазақстан» ұлттық арнасы эфирінен 12 қыркүйек күні көрерменге жол тартқан «Айман-Шолпан» телехикаясына арналды. Фильм дүние есігін ашқан сәттен өмір жолдары қос айырылған, екі түрлі әлеуметтік ортада тәрбиеленген егіз қыздар Айман мен Шолпан тағдыры негізінде құрылып, сюжет желісіне әрқайсысының қоғамдағы орны, өмірге деген қарама-қайшы көзқарасы мен ой-түйсігі арқау болған. Жиын барысында бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова айтып өтті. Брифинг барысында фильмнің продюсері Рустам Азаматов, қоюшы-режиссері Арман Сандыбаев және басты рөлдегі актриса Салтанат Бақаева сөз алып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Көрермендерді басты рөлдегі актриса Салтанат Бақаеваның бірден екі түрлі образды сомдағаны қызықтыратыны рас. Бұл туралы актриса: «Алғашында маған бір мезетте екі түрлі характердегі кейіпкерлерді сомдау қиын әрі қызық боп көрінді. Бірақ, жақсы дайындықтан соң рөлдерді игердім деп ойлаймын. Түсірілім барысында бір рөлден екіншісіне ауысқанда дереу киімдеріңді, макияжды өзгерту оңай ғой. Соған қоса жан-дүниеңді «өзгерту» біраз қиындау», – дейді. Айта кетейік, «Айман-Шолпан» 100 сериядан тұратын хикая. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы институтын нығайту мақсатында түсірілген. Айгүл СЕЙІЛОВА