• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2016

Қырғыз президенті денсаулығына байланысты демалысқа кетті

298 рет
көрсетілді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қысқа мерзімдегі демалысқа шықты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Егемен-ақпарат хабарлады. Аталған дерекке сүйенсек, қырғыз елінің басшысы демалыс барысында толық дәрігерлік тексеруден өтеді. Президенттің баспасөз қызметі: «А. Атамбаевтың денсаулығына төніп тұрған ешбір қауіп жоқ», деп хабарлайды. Айта кетейік, Қырғызстан президенті кеше БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркқа ұшқан болатын. Алайда, жарты жолда ол өзін жайсыз сезініп, кеуде тұсының ауырғанына байланысты іссапарды жалғастыра алмады. Бұл жөнінде кеше қырғыз президентінің аппараты хабарлаған-ды. Мемлекет басшысы 1 қазанда жұмысқа шығады. Егемен-ақпарат