• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №6-3/597

290 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 30 маусым, Астана қаласы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Қаржы министрі Ұлттық экономика министрі экономика министрінің міндетін _____________Б. Сұлтанов ____________ Е. Досаев атқарушы __________ Т. Жақсылықов 2015 жылғы 2 желтоқсан 2015 жылғы « » 2015 жылғы 24 шілде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) су беруші – АШТӨ-ге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 2) суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтер – су көздерінен (өзен, су қоймасы, канал және басқалар) су алу жолымен су беру, су тартқыштар арқылы (канал, құбыр желісі) тасымалдау және бөлу және АШТӨ-ге су бөлу орындарына су беру; 3) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру. 3. Субсидия алушылар су берушіден суармалы су беру қызметтерін сатып алған және оларды төлеу бойынша шығынға ұшыраған АШТӨ-ге болып табылады. 2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібі 1-параграф. Субсидия алу шарты 4. Субсидиялар мынадай шарттарды сақтаған кезде төленеді: 1) АШТӨ-нің облыстың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға ай сайын өтінім беруі; 2) шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық немесе заңды тұлға ретінде тіркелуі; 3) құны 0,20 тг/м3 (текше метрге теңге) жоғары суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ су беруші алдында берешегінің жоқтығы; 4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 мамырдағы №266 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша су берушімен жасалған шарт бойынша суармалы су берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жер пайдалану немесе жеке меншік құқығының тіркелуі. 2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі 5. Сатып алынған суармалы судың 1 (бір) м3 (текше метріне) субсидия нормативі тарифтің субсидияланатын бөлігінен 50%-ын құрайды. Субсидия мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесі бекіткен тариф пен су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің (0,20 тг/м3 (текше метрге теңге) ең төменгі (субсидияланбайтын) құны арасындағы айырмашылық алынады – тарифтің субсидияланатын бөлігі. 1 (бір) м3 (текше метр) сатып алынған суармалы судың субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: S = (T-Smin)*50% мұнда: S – сатып алынған суармалы судың субсидия мөлшері, тг/м3 (текше метрге теңге); T – бекітілген тариф, тг/м3 (текше метрге теңге); Smin – су беру бойынша қызметтердің (0,20 тг/м3 (текше метрге теңге)) ең төменгі (субсидияланбайтын) құны; Күріш дақылдары үшін Smin кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016 жылдан бастап – 0,10 тг/м3 (текше метрге теңге); 2017 жылдан бастап – 0,20 тг/м3 (текше метрге теңге). 6. Субсидияланатын суармалы судың көлемі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 82-бабына сәйкес бассейіндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бөлімшесіндегі су пайдалану лимитінен аспауы тиіс. 3-параграф. Субсидияны төлеу тәртібі 7. Басқарма тиісті жылдың 1 наурызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, облыс әкімдігінің интернет-ресурсында суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидия алу үшін ай сайынғы өтінімдерді қабылдаудың кезеңі туралы хабарландыру орналастырады. 8. Басқарма 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген субсидия алу шарттарына сәйкестігіне қарастырады. Өтінімдер осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда Басқарма бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырады және төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төлемдер жүргізген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынады. Өтінім осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда өтінім берушіге жазбаша түрде бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауап беріледі. 4-параграф. Сибсидиялау бойынша есептілік 9. Басқарма Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтің құнын арзандатуға арналған субсидияларды пайдалану туралы тиісті қаржы жылына арналған есепті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 25 қарашадан кешіктірмей ұсынады. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан Облыстың (Астана, Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы _______________________________________ (Т.А.Ә.) 201__ жылғы ____________ айға суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидия алуға өтінім 1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші _________________________________________________________ (атауы) 2. Орналасқан жері: ___________________________________________________________________________ (облыс, аудан, кент, көше) 3. Өтініш иесі туралы мәлімет: р/с № Деректер көзі Қажетті мәліметтер Деректер 1 2 3 4 1. Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама тіркеу нөмірі тіркеу күні мемлекеттік тіркеу күні кім берді БСН 2. Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат жеке басын куәландыратын құжат нөмірі ЖСН кім берді берілген күні 3. Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік тіркеу күні кім берді берілген күні ЖСН 4. Жер пайдалану немесе жеке меншік құқы­ғында өтінім берушіге тиесілі жер учаскесіне бірдейлендіру және (немесе) құқық белгілеу құжаты кадастрлық нөмірі барлығы алаң, гектар оның ішінде суармалы жерлер нысаналы мақсаты бірдейлендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы 5. Су көзі су көзінің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, үйлестіруші, су бөлуші) су берушінің тарифі (теңге) суармалы су беру бойынша қызмет ұсыну туралы су берушімен жасалған шарттың № және күні 6. Өңдеп өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша суармалы суды тұтыну көлемі егілетін дақыл егістік алаңы, гектар суландыру нормасы, м3/га (гектарға текше метр) су тұтыну көлемі, мың м3 (текше метр) суару тәсілі 7. Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат Банктің не Ұлттық почта операторының деректемелері: банктің не Ұлттық почта операторының атауы: БСК К/С БСН Кбе 8. Алынған суармалы суға алғашқы төлем құжаттары төлем сомасы, теңге төленген суармалы судың көлемі, мың м3 (текше метр) су берушінің заңды мекенжайы нөмір берілген күні Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Басшы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі): _______________ ___________________________________ (қолы) (Т.А.Ә.) Бас есепші (бар болса) __________________________ ___________________________________ (қолы) (Т.А.Ә.) Мөрдің орны 20__жылғы «___» ____________ Өтініш 20__ жылғы «___» ____________ қарауға қабылданды. __________________________ _____________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), лауазымы) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Нысан «Бекітемін» Облыс (Астана, Алматы қалалары) әкімінің орынбасары _____________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) ________________________ (қолы, мөр) _________________________ (күні) _________________ облысы бойынша 201__ жылға (_________ айы) арналған суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтің құнын арзандатуға арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп р/с № Ауыл шаруа-шылығы тауарын өндіруші-лердің (бұдан әрі - АШТӨ) атауы АШТӨ-ның ЖСН/БСН Дақыл атауы Жер учаскенің ауданы, мың га (гектар) Су лимиті, мың м3 (текше метр) Суару тәсілі АШТӨ төлеген суармалы судың көлемі, мың м3 (текше метр) Субсидия мөлшері, тг/м3 (текше метрге теңге) Төленген субсидия сомасы, мың теңге Облыс мәслиха-тымен бекітілген сома, мың теңге Ауытқу, мың теңге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10=8*9 11 12 Аудан 1 АШТӨ 1 2 АШТӨ 2 Барлығы Аудан 1. АШТӨ 1 2. АШТӨ 2 Барлығы Жиыны Облыстың (Астана, Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ________________ ______ӨӨӨӨӨ___________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12714 болып енгізілді.