• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-5/604 

254 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 2 шілде, Астана қаласы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын бекіту туралы «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ұлттық экономика министрі ______________ Б. Сұлтанов ________________ Е. Досаев 2015 жылғы 11 тамыз 2015 жылғы 7 тамыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-5/604 бұйрығымен бекітілген Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын бекіту туралы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) қатысушы – қормен қатысу шартын жасасқан және қолданыста болатын мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсетуге лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы; 2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры – мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – қор немесе қорлар). 2. Қорлардың қызметі мен олардың таратылу тәртібі 3. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылатын коммерциялық емес ұйым қор (қорлар) болып табылады. 4. Қор (қорлар) өз қызметін коммерциялық емес ұйымдар туралы және акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Респуб­ликасының заңнамалық актілерінің, осы Қағидалардың және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады. 5. Қордың (қорлардың) негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; 2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту. 6. Қорды (қорларды) басқару органдарын қалыптастыру тәртібі және олардың құзыреті қордың (қорлардың) құрылтай құжаттарында айқындалады. 7. Қордың (қорлардың) кірістері алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін оның дамуына ғана бағытталады. 8. Әрбір қордың (қорлардың) кепілдік төлемдеріне арналған өтеу резервінің мөлшері қатысушылардың мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы және кемінде бір миллиард теңге соманы құрауы тиіс. 9. Әрбір қордың (қорлардың) өтеу резервтері оны құру кезінде қажетті жарғылық капиталды қалыптастыруға қарамастан қалыптастырылады. 10. Қатысушылардың жарналары міндетті түрде өтеу резервін толықтыруға жіберіледі. 11. Мақта қолхатын ұстаушылардың талаптарын қамтамасыз ету мақсатында қордың (қорлардың) меншік капиталы мөлшерінің кемінде 80%-ы тұрақты негізде өтімділігі жоғары қаржы активтеріне (ақша, екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер, бағалы қағаздар) орналастырылады. 12. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірмейтін мерзімде қор (қорлар) мақта саласын дамыту бойынша уәкілетті органға өздерінің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттарды, құрылтай құжаттарын, сондай-ақ өтеу резервінің мөлшері туралы мәліметтерді ұсынады. 13. Қор (қорлар) бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің құрылғандығы туралы хабарламаны және мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына тиісті қорға (қорларға) қатысуға ұсыныстар жариялайды. 14. Қатысушылар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қор (қорлар) мақта қолхатын ұстаушылардың алдында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес субсидиярлық жауаптылықта болады. 15. Қор (қорлар) осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын ескере отырып, 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен таратылуы мүмкін. 16. Қорды (қорларды) басқару органдарының қорды (қорларды) ерікті түрде тарату туралы шешімі қордың (қорлардың) кепілдіктері аяқталғаннан кейін немесе қатысушы осы қор (қорлар) беріп, кепілдендірген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12040 болып енгізілді.