• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2016

Еңбек адамының еңсесі биік болуы тиіс

576 рет
көрсетілді

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда барлық еңбекшілердің мерекесі болып табылатын Еңбек күні атап өтіледі. Ол – жұмысшы кәсібін насихаттап, жастарды өндіріс саласына тартуға, жұмысшылар әулетінің көп жылғы дәстүрлерін нығайтуға, еңбек өнімділігін ынталандыруға бағытталған. Мемлекет басшысы ұсынған лайықты еңбек тақырыбы мен жұмысшы мамандығының беделін көтеру қажеттігі туралы идея өте өзекті болып табылатындықтан, оны қазақстандық қоғам жақсы қарсы алып, қолдау көрсетті. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВПЕН әңгіме осы және өзге де мәселелер төңірегінде өрбіді. – Әбілғазы Қалиақпарұлы, 25 қыр­күйекте Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Биыл еңбек адамы­на айрықша көңіл бөлінуде – ел Прези­денті өз сөздерінде әлемдік өрке­ниет­тің барлық құндылықтары дәл осы қарапайым жұмысшылардың қолымен жасалғанын бірнеше рет қайталап айтты. Бұған қоса, ең­бек адамының құқықтары тасқа ба­­сы­лғандай етіп жазылған жаңа Еңбек кодексі қабылданды. Осы жа­ңа, көптен күткен және, ашығын айт­қанда, әбден теперіш көрген құ­жат қандай болып шығыпты? Үміті­мізді ақтады ма? Еңбекшілердің мүд­делерін қорғай ала ма? – Екі жыл қатарынан біздің елімізде маңызды заңнамалық рефор­малар орын алды – «Кәсіптік одақтар тура­лы» заң мен жаңа Еңбек кодексі қабылданды. Осының барлығы жұ­мыскердің еңбек құқығын нақты қор­­ғауда жаңа мүмкіндіктер туғызу арқылы  кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік құрылымындағы рөлі мен жауапкершілігін күшейтті. Еңбек кодексінің жобасын кәсіподақ ұйымдарында кең түрде талқылау мен жұмыс топтары аясындағы қарбалас іс-қимылдар еңбек қатынастарындағы көптеген түйткілді мәселелерді қарас­тыра отырып, еңбек адамының мүддесі үшін айтарлықтай өзгерістер мен то­лықтырулар енгізуге жағдай жасады. Біріншіден, Еңбек кодексі кәсіподақ ұйымдарының еңбек заңдылықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жасау саласындағы жұмысын кеңейтуге ерекше  мүмкіндік берді. Мұндай норма тек кә­сіподақтарға ғана қатысты болып отыр. Екіншіден, еңбекке ақы төлеу еңбек қатынастарындағы өзекті мәселе болып табылады. Кәсіподақтар жаңа Ең­бек кодексінің жобасында негізгі жал­ақының үлесі, біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда, жұ­мыскерлер жалақысының кемінде 75 пайызы көлемінде болуын қамтамасыз етуге қол жеткізді. Еңбекақының тия­нақ­­­талған бөлігі адамның еңбекке қабі­леттілігі мен өмірлік қажеттіліктерін қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндік­тен де ол кепілдендірілген болуы тиіс. Үшіншіден, Кәсіподақтар феде­рация­сы үстеме жұмысқа, түнгі уа­қыттағы, мереке және демалыс күн­де­ріндегі жұмыстар үшін төленетін еңбек­ақының жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, 1,5 еседен төмен болмайтын мөлшерде болуын қамтамасыз етті. Бұл норма кәсіподақтарға осы мөлшерлемені одан да ұлғайтып, ұжымдық шартта ба­рын­ша жоғары көлемді бекітуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, Еңбек кодексінде «өн­­дірістік кеңес» түсінігі енгізілді.  Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімдері жұмыс беруші және жұмыскерлер үшін міндетті болып табылатындығы өте ма­ңызды. Бұл кәсіподақтар үшін аса үлкен жетістік. Енді еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың кандидатураларын кәсіптік одақ ұсынады, яғни кәсіподақтардың еңбек жағдайын жақсартуға қатысуына нақты мүмкіндік пайда болады. Бесіншіден, жаңа Еңбек ко­дек­сінде жұмыс беруші мен жұ­мыс­кер­­­дің арасындағы қатынастар көп жағ­дайда ұжымдық келіссөздер ар­қылы қалыптасады. Ұжымдық шарт кәсіпорынның негізгі құқықтық құ­жаты болып табылады. Әлеуметтік әріп­тестермен әріптестік қатынас қалып­тастыра білуге айрықша мән беріледі. Үнқатысудың негіз­гі тетіктеріне, ең алдымен дәйек­тер­дің айқын жүйесі, мінсіз ішкі ұйымдастырушылық, жо­ғары білікті кадрлар және заңды қор­ғаныс әрекеттеріне дайындық жатады. Сондықтан да, еңбекақы төлеуде, ең­бек нормаларында, кепілдіктер мен өтем­ақылық төлемдерде, еңбек демалысын алуда жұмыскерлердің құқықтары шек­телмеуі үшін бұл қатынастардың қалай құрылғаны өте маңызды болып табылады. Жұмыс берушілермен келіссөз­дерді табысты жүргізіп, ұжым­дық шарт жасасу үшін барынша мол күш жұмсау қажет. – Барлық тараптардың да мүд­делерін қорғау үшін кәсіподақ – мемлекет – жұмыс беруші қатысатын ұжым­дық келіссөздер әдісі қолда­ны­­латыны белгілі. Үнқатысу қалай қалыптасады? – Қазақстан Республикасы Кәсіп­одақтар федерациясының барынша маңызды функцияларының бірі әлеу­меттік әріптестікке, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жө­ніндегі республикалық үшжақты комис­сияның жұмысына қатысуы болып табылады. Кәсіподақтар федерациясының өкілдері Үкіметпен және Жұмыс бе­ру­шілердің республикалық бір­лестіктерімен бас келісімге қол қояды. Салалық кәсіптік одақтар салалық мемлекеттік органдармен және жұмыс берушілер одақтарымен салалық ке­лісім­дер жасайды. Аумақтық кәсіп­одақ бірлестіктері жергілікті атқару органдарымен, жұмыс берушілер бір­лес­тіктерімен өңірлік келісімдер жасайды. Қазіргі кезде республикалық дең­гейдегі бас келісім, 22 салалық, 16 өңір­лік келісім жасалды. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 68 589 ұжымдық шарт жасалған, қамту 32,2 %-ды (жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны – 212687) құрайды. – Шетелдерде кәсіподақтар қоз­ғалысы өте белсенді екенін бі­леміз. ҚРКФ-ның халықаралық ынты­мақтастығы туралы не айтар едіңіз?  – Халықаралық ұйымдармен және кәсіподақтар бірлестіктерімен ын­ты­мақтастық Кәсіподақтар федерациясы жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Халықаралық кәсіподақтар қоз­ға­лысы барынша үдеп келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемде 180 миллион жұмыс­шы кәсіподақтар мүшесі, ал 2018 жылға қарай бұл сан 200 миллионға жетеді деп күтілуде. Ірі қоғамдық ұйым ретіндегі Қазақ­стан Кәсіподақтар федерациясы  әлемдік кәсіподақтар қозғалысына белсене атсалысады. Осыған байланысты, 2015 жылы Кәсіподақтар федерациясының халықаралық имидждік саясат жөніндегі тұжырымдамасы қабылданды. Атал­ған тұжырымдама Кәсіподақтар феде­рациясының халықаралық деңгейдегі имиджін және халықаралық тәжірибені енгізу арқылы жұмыс тиімділігін арт­тыруға, кәсіподақтар қозғалысын нығай­тып, дамытуға және т.б. бағытталған. Бұған қоса, Халықаралық кәсіп­одақтар конфедерациясының (ХКК), Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ), Кәсіподақтардың жалпыға ортақ  кон­фе­дерациясының (ЖКК), Фридрих Эберт қорының мамандарымен байланыс, сондай-ақ, ТМД елдерімен іскер ынтымақтастық жолға қойылған. Кәсіподақтар федерациясының ха­лықаралық жұмыстағы бағыттарының бірі Халықаралық еңбек ұйымымен сындарлы ынтымақтастық болып табылады. Жыл сайын жастарды жұмыспен қамту, ұжымдық келіссөздер, органайзинг және тағы басқа мәселелер бойынша ха­лықаралық, субөңірлік семинарлар өткізу жөніндегі бірлескен жұмыстардың жос­пары жасалады. 2015 жылы Бразилияда ХКК Бас кеңесінің отырысы болып, онда Қа­зақ­­­стан Республикасы Кәсіподақтар федерациясын ХЕҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде қабылдау туралы шешім шығарылды. 2 миллионнан астам мүшесі бар біздің ұйымның ХЕҰ-ның құрамы­на енуі Қазақстан кәсіподақтарының жұ­мы­­сындағы шын мәніндегі тарихи оқиға. Осы жерде айта кету керек, осыдан бірнеше күн бұрын елімізге ХЕҰ бю­росының директоры Мария Хелена Андре келіп кетті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылында тұңғыш рет ұйым басшылығы біздің кәсіподақтар жұмысымен таныс­ты, және айта кетуіміз керек, ол біздің жұмысымызға өте жоғары баға берді. – Кәсіподақтар мен жастар арасында байланыс бар ма? Қазіргі кәсіп­­одақтар қатарындағы жастар са­ны қанша? Және олар кәсіподақтар мақсаттарын нақты түсіне ала ма? – Бүгінде кәсіподақ мүшелері ара­сындағы 35-ке дейінгі жастардың саны 730 мың адамнан асады, яғни 33%. Кәсіподақтар федерациясы бас кеңесі құрамының 11,5 %-ы жастар. ҚРКФ атқару комитеті құрамында да жас­тардың үлесі 8,3 % құрайды. Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің 16 басшы­сының ішінде 6 жастар өкілдері бар. Алға қойылған міндеттерді жүзе­ге асыра отырып, кәсіподақтар мем­ле­кет­тік жастар саясатының тиім­ді­лігін арттыруға бағытталған әлеумет­тік бағ­дарламаларды әзірлеп және іске асыруға атсалысады, жастарды кәсіподақтар қозғалысына тартады, жастар кеңес­терінің жұмыстарын үйлестіреді, жас кәсіподақ көшбасшыларының оқуын ұйымдастырады. Жастармен жұмыс істеуде Кәсіп­одақтар федерациясы олардың кәсіп­одақтар қозғалысының болашағы үшін, оның қатарын нығайту үшін маңызды рөл атқаратынын басшылыққа алады. Ел Президенті өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында уақыттың сын-қатерін жеңуге қабі­летті барынша тиімді әлеуметтік сая­­сатты әзірлеу қажеттігі жайлы айт­­қан болатын. Бұл Мемлекет бас­шы­сының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында да айтылды. Қазақстанның саяси және әлеу­мет­тік-экономикалық өміріндегі жаһандық және түбегейлі өзгерістер еңбек­шілер­дің өміріне орасан зор ықпал етіп, кәсіп­одақтар қозғалысына жаңа міндеттер мен талаптар жүктеуде. Бүгінде кәсіптік одақтарға үлкен жауап­кершілік артылуда, ол ең алдымен өмір сүру сапасының стандарты жоғары әлеуметтік ел құруға атсалысуынан көрініс табады. Ел Президенті Н.Назарбаевтың жо­ғарыда аталған Стратегиясы мен бағдарламалық мақаласын қабылдаған кәсіподақтар еңбекшілердің өмірлік маңызды мүдделерін қорғау жолындағы күресті өздерінің негізгі басымдықтары деп санайды. Әңгімелескен Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»