• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2016

Алматы облысында ағайынды үш жігіт із-түссіз жоғалды

517 рет
көрсетілді

Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы мал базарға 40 бас ірі-қараны алып шыққан ағайындылар сол күйі ауылдарына оралмаған. Жігіттердің әлдебіреулермен бағаға келісіп, мал тиелген екі жүк көлігімен тауға қарай кеткенін көргендер бар. Тек сол көліктердің бірі бос күйінде тау арасынан табылса, екіншісін тіпті өртеп жіберіпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Жоғалғандардың базардан малдарын тиеп мініп кеткен көліктерінің бірі қазір Алматы облысындағы ауыл арасындағы жолдардың бірінен табылған. Жем-шөбі ішінде сол күйі жатыр. Қазір полиция қызметкерлері көліктен саусақ іздерін алуда. Көліктің алдыңғы мемлекеттік нөмірі алып тасталынған. Артқы нөмірін де шешпек болғаны көрініп тұр. Ішінде киім-кешек, малдың қоршауы да тұр. Тек ірі-қараның өзі мен иелері жоқ. Жарқынбек, Қаділбек, Мұқият есімді үш ағайынды жігіт базарға 40 бас сиырды өткен демалыста әкелген екен. Содан бері ешқайсынан хабар жоқ. «Малын қайтеміз енді.  Ол адамдар қателескен шығар, жаза басқан шығар. Оларды жазаға тартпаймыз. Ұлдарымыз отбасына аман-есен оралса болғаны. Балалары улап- шулап жатыр, өте ауыр халде, аналары ауруханаға түсіп қалды», дейді жоғалғандардың әкесі Тұрсын Әмірбайұлы. Куәгерлердің айтуынша, ағайындылар 40 бас ірі-қараны түгел сатып аламын деген адаммен 6 миллион теңгеге келіскен екен. Бірақ, әлгі сатып алушы «ақша үйде» деген сылтаумен жігіттерді өзімен ерте кеткен. Егемен-ақпарат