Алматыдағы «Астана» алаңында Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған өңірдің тауар өндірушілері сапалы әрі экологиялық таза өнім түрлерінен 360 тоннадан астам азық-түлік әкелді.
Осы күні алматылықтар 63,5 тонна ет, 9,6 тонна балық, 12,5 тонна сүт пен сүт өнімдерін, 62,4 тонна картоп, 86,7 тонна көкөніс, 36 тонна жеміс-жидек, сондай-ақ күріш, жұмыртқа, қант, бал, шұбат, қымыз және басқа да тағам түрлерін сатып алып жатыр. Ал, бір күндік жәрмеңкеде жалпы құны 180 млн теңге болатын елуге тарта азық-түлік түрі саудаға шығарылды.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
Алматы