• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2016

Еуразиялық жазғы мектеп жұмысы аяқталды

326 рет
көрсетілді

Кеше Алматы қаласында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO), Еуразия ғылыми-зерттеу институты және Түркия Премьер-министрі жанындағы Шетелдегі түріктер және туыс халықтар жөніндегі басқарма бірлесіп ұйымдастырған «Еуразиялық жазғы мектеп» өз жұмысын аяқтап, тыңдаушыларына арнайы сертификаттар табыс етті. Аталған жазғы мектепке Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Польша және Украинадан 20 магистрант пен докторант қабылданған болатын. Оларға оқу бағдарламасы шеңберінде Түркітілдес елдердің экономикалық интеграциясы, көлік және инфрақұрылым жобалары, энергетика және су қауіпсіздігі мәселелері, Каспий теңізінің құқық­тық мәртебесі және аймақтық ынтымақ­тастықтың бола­шағы, сондай-ақ Еур­азияда қауіпсіздік мәселелері тақырыбында дәрістер оқылды. Дәріс оқыған сарапшылар да бірқатар шет­елдерден шақыртылған. Атап айтқанда, Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Әзербайжан, Ресей, Түркиядан келген мамандар түрлі тақырыптар бойынша лекциялар оқып, пікір алмасты. Айта кету керек, Жазғы мектепті табысты аяқтаған қатысушылар өз сала­сындағы білімі мен тәжірибесін арт­тырып, академиялық талдау жасау ма­шық­тарын дамытуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, Алматы мен Астанадағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына бағыт беретін іргелі ұйымдарды аралап, жұмысымен танысатын болды. «Егемен-ақпарат»