Астанада екі күнге жалғасқан Ғылым, технологиялар және инновациялар жөніндегі Азия парламентаралық форумы аяқталды. Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) мүше-мемлекеттердің білім және ғылыми әлеуетін дамыту саласында әріптестікті нығайту мақсатында ұйымдастырылған форум жоғары деңгейде өтті. Форумның екінші күні болған 5-ші, 6-шы және 7-ші сессияларда қызу талқылаулар болды.
Жиынның соңында жоғарыда көрсетілген салалар бойынша парламентаралық ислам ынтымақтастығын нығайту бағытында Астана декларациясы қабылданды. Құжатта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ислам инфрақұрылымдық интеграциясы» стратегиялық бағдарламалық құжатын әзірлеу туралы бастамасына қолдау білдірудің маңыздылығы айқын көрініс тапты.
Жолдыбай БАЗАР