• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2016

Меморандум мақсаты – әскери ынтымақтастық

353 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Ұлыбритания Бірлескен Корольдігі мен Солтүстік Ирландия Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген Еуропа жөніндегі департаментінің бастығы Саймон Лоның сапары шеңберінде Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволарының әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қоюға өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақ­тас­тықты жүзеге асыру үшін негіз құру­дағы екі мемлекеттің қорғаныс ведомс­тволарының ниет білдіруі арқау болды. Қол жеткізілген уағдаластықты іс­ке асыру Қазақстанның қор­ғаныс-өнер­кәсібі кешенін дамыту жә­не қа­ру-жарақ пен әскери техниканы жаң­ғыр­ту мақ­сатында екіжақты байланысты кеңей­туге ықпал етеді. Ұлыбритания Бірлескен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Қорғаныс министрлігімен әскери ынтымақтастық 1996 жылдан бастап екіжақты әскери ынтымақтастықтың жыл сайынғы жоспары бойынша жүргізіліп келе жатқанын айта кетейік. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты «Қазбриг» әскери қызметшілеріне Бри­тания әскери консультативтік-жат­тық­тыру тобы нұсқаушыларының «Дала қыраны» оқу-жаттығуы мен тренинг­тердің өткізілуін қамтитын бітімгершілік дайындық болып табылады. Одан басқа, Ұлыбританияның әскери оқу орындарында қазақстандық кадр­ларды даярлау және әскери білім беру саласындағы өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда. «Егемен-ақпарат»