• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №411

314 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 22 маусым, Астана қаласы «Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйырамын: 1. «Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7934 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 729-734 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасында: 3-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10513 болып тіркелген «Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығымен белгіленген тәртіпте аттестатталған маман;». 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. ШКОЛЬНИК «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Денсаулық сақтау және Инвестициялар және даму министрі _________________ А. Сәрінжіпов әлеуметтік даму министрі _________________ Ә. Исекешев 25 маусым 2015 жыл _________________ Т. Дүйсенова 1 шілде 2015 жыл 26 маусым 2015 жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11802 болып енгізілді.