• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №703

294 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 9 желтоқсан, Астана қаласы «Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы бұйырамын: 1. «Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11011 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларында: 2-тарау мынадай мазмұндағы 59-1, 59-2 және 59-3-тармақтарымен толықтырылсын: «59-1. Жоғары кернеуі 6-дан 20 кВ-ге дейін секцияланған және таратушы пункттері бар кіші станцияларына бөлінген жер учаскелерінің алаңдары осы Қағидалардың 3-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген шамалардан артық болмайды. 59-2. Жоғары кернеуі 35-тен 1150 кВ-ге дейінгі электр қосылыстарының (жиынтықты қоса алғанда) әр түрлі схемалары бар кіші станцияларға бөлінген жер учаскелерінің алаңдары осы Қағидалардың 3-қосымшаның 2-кестесі бойынша орнатылады. 59-3. Осы Қағидалардың 3-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген ғимараттың құрамына және кіші станциялардың құрылыстарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстардың құрамы бар (оның ішінде таратушы құрылғылардың ұяшықтары) шағын станцияларға бөлінген жер учаскелерінің алаңдары 3-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген шамаға ұлғайтылады немесе азайтылады.». 4-тарау алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы М.МЫРЗАҒАЛИЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ____________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 23 желтоқсан Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12928 болып енгізілді.