• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №2

241 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 6 қаңтар, Астана қаласы «Шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйырамын: 1. «Шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9805 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Шаруашылық және өзге қызметтерге: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Щучинск-Бурабай курорттық аймағының объектілерінде мәдени-тұрмыстық су пайдалануға және табиғи су айдындарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында оларды тазалау жұмыстарына байланысты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қалдықтарды жерасты көмуге байланысты экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. ШКОЛЬНИК Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылдың 13 қазандағы №57 бұйрығына 1-қосымша Щучинск-Бурабай курорттық аймағының объектілерінде мәдени-тұрмыстық су пайдалануға және табиғи су айдындарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында оларды тазалау жұмыстарына байланысты шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар 1. Жалпы ережелер 1. Осы экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар Щучинск-Бурабай курорттық аймағының су объектілерінде мәдени-тұрмыстық су пайдалануға және табиғи су айдындарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында оларды тазалау жұмыстарына байланысты шаруашылық және өзге қызметке экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды (бұдан әрі-Талаптар) белгілейді. 2. Талаптар табиғи су айдындарын сақтау және қалпына келтіру мақсаттарында оларды тазалау жөніндегі жұмыстарды жобалау және орындау кезінде есепке алынады. 3. Су объектілерінде мәдени-тұрмыстық су пайдаланумен байланысты шаруашылық және өзге қызмет су объектілерінің экожүйесі теңгеріміне, судың құрамы мен қасиетіне мейілінше аз антропогендік ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. 4. Халықтың демалуына арналған су айдындарындағы, сондай-ақ елді мекендер шеңберіндегі су айдындарындағы судың құрамы мен қасиеттері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережесіне сәйкес қабылданады. (Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде №10774 тіркелінген). 5. Жер бетіндегі су айдындарының оңтайлы су режимдерін қолдау, олардың тұнбалануының және балдырлардың өсуінің, топырақтардың су эрозиясының, су жануарлары мен құстарының мекендеу жағдайларының нашарлауының, ағынның ауытқуын азаюдың алдын алу мақсаттарында су айдындарын механикалық және биологиялық тазалау және жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. 6. Табиғи су айдындары экожүйесінің теңгеріміне теріс әсер ететін антропогендік әсерлердің өсуін көрсететін негіздер болған жағдайда, су айдындары экожүйесінің теңгерімін қолдау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар қолданылады. 7. Су айдындары экожүйесінің теңгерімдерін қолдау және қалпына келтіру жөніндегі шараларды қабылдауға арналған негіздер су айдындарындағы судың құрамы мен қасиеттерінің өзгеруі, тұнбалану және балдырлардың өсуі, топырақтың су эрозиясы, су жануарлары мен құстардың мекендеу жағдайларының нашарлауы, ағынның ауытқуының ұлғаюы болып табылады. 2. Су айдындарын тазалау жөніндегі талаптар мен нормативтер 8. Алынған су түбіндегі шөгінділерді өңдеу гомогендеу резервуарына дірілдеткіш елеуіш арқылы жүзеге асырылады. Ірі қоқысты ұстап қалу үшін пайдаланылатын дірілдеткіш елеуіш және тордың көлемі бөлінген балшықтың бастапқы бөлшектерінің көлеміне байланысты өзгертіледі. Ірі қоспаларды бөлгеннен кейін шлам әрқайсысының көлемі 80 м3х болатын 3 (үш) гомогендеу резервуарларына беріледі. Әрбір гомогендеу резервуарына батыру жүйелерінің 3 (үш) бірлігі орнатылған. Гомогендеу резервуарының көлемі дренаждау құрылғыларындағы су түбіндегі шөгінділерді (шламды) өңдеудің (дренаждың) бір сағаттағы қуатынан көп. Суспензияларды дозалауға арналған бұрандалық сорғылар пайдаланылатын гомогендеу багы су түбіндегі шөгінділердің аспалы Flottweg Z92 центрифугасына айдалады. Сорғының барынша жоғары өнімділігі 100 м3/сағат дейін. Центрифугадан күтілетін нақты өнімділік айдалатын суспензиядағы шөгінділердегі қатты заттардың мөлшеріне байланысты 70-140 м3/сағат-1. Шлам суспензияны дренаждау құрылғысы - Flottweg Z92 центрифугасына араластыру құрылғысы арқылы айдайды. Әртүрлі құрылғыларды электр энергиясына жалғау негізгі тарату қалқанынан қамтамасыз етіледі. Шөгінділердің және судың құрамы дірілдеткіш елеуішке кіреді. Мұнда тесіктері 2 мм елеуіштерде шөгінділердің үлкен бөлігі бөлінеді. Дірілдеткіш елеуіштердің негізгі параметрлері: 1) машинаның типтік белгіленуі GАМА 120.300 1 ; 2) судың барынша көп мөлшері 150 m3; 3) барынша жоғары қатты үлес 2 - 20%; 4) сұрыптау бетінің ұзындығы 3 000 мм; 5) сепаратордың жалпы ұзындығы 3 821 мм; 6) сұрыптау бетінің ені 1 200 мм; 7) екі NА56 дірілдеткіші; 8) желінің кернеуі және жиілігі 3х400В/50Гц; 9) номиналды тұтынылатын қуат 2.7 кВт; 10) жұмыс жиілігі 16 Гц; 11) дірілдетілетін салмақ 740 кг; 12) жалпы салмақ 754 кг; 13) бір алдыңғы тіректің астындағы статикалық жүктеме 2038 Н; 14) бір артқы тіректің астындағы статикалық жүктеме 1592 Н; 15) тіреудің астындағы тік динамикалық әсер ±801 Н; 16) тіреудің астындағы көлденең әсер ±9541 Н; 17) ауытқуды (тепе-теңсіздікті) баптау 80%. Ірі фракциялардан тазартылған шөгінділер аккумуляциялық және гомогендеу бактарына ауыстырылады. Аккумуляциялық бактардың сыйымдылығы (3 х 700 м3) тәулік бойғы жұмыс режимінде, сонымен қатар егер түнде (22:00 - 06:00) жер снаряды жұмыс істемесе желінің жұмыс істеуіне кепілдік береді. Гомогендеу бактарынан қоспа сорғылық контейнер арқылы FLOTTWEG Z-92 декантерлеріне - 3 дана айдалады. Декантерге енгізудің алдында қоспаға флокулянттың қажетті мөлшері (2-3 кг/құрғақ заттың тоннасы) қосылады. Флокулянт 0,5% жұмыс концентрациясы үшін флокулянт станцияларында дайындалады. Флокулянтты дайындау, оны бабына келтіру және құбырларға дозалау автоматты режимде DEWASYS жүйесімен басқарылады. Флокулянтты дайындауға арналған су автоматты су айдау станциясы арқылы көлдең жиналады. Жұмыс концентрациясын дайындау үшін 2 дана DESET PS-12 полимерлік станциясы пайдаланылады. DESET PS-12 мобильді полимерлік станциясы сапалы тот баспайтын болаттан жасалынған. DESET PS-12 жүйесі автоматты және жартылай автоматты және екі көлемде қолжетімді болады. 9. Жартылай автоматты жүйе дайындау, тынықтыру және (сақтау) айдау үздіксіз процесі бар 3 жалғанған резервуардан тұрады. Жүйе бәрінен де шағын және орта кәсіпорындар үшін ең қолайлы. 45-тен 60 минутқа дейінгі кезеңдерде жұмыс істейтін автоматты жүйе араластыруға арналған резервуардан және тынықтыруға арналған екі резервуардан тұрады. Жүйе үздіксіз режимде жұмыс істеуге қабілетті. Барлық процестер арнайы дербес DEWASYS жүйесі бақылайды. Қондырғы бір полимерден екіншісіне оңай ауысу үшін қолайлы. Әрбір қондырғы вакуумдық қоректендіргішпен, ұнтақты араластыруға арналған миксермен, сорғылармен, шығынды өлшегіштермен, қалқымалы деңгей өлшегіштермен жабдықталған. Deset PS-12: 1) ерітіндіні өндіру - 10 м3/сағат; 2) ерітіндінің концентрациясы - 0,1-0,4%; 3) вакуумдық қоректендіргіш – 125 кг; 4) эмульсияға арналған бұрандалық сорғы - 2-14 м3/сағат; 5) резервуар 3 бөлікке бөлінген, жалпы сыйымдылық - 22 000дм3; 6) белгіленген қуат - 33,52 кВт; 7) қысымды судың көлемі - 30 м3/сағат; 8) габариттік көлемдері - 40»резервуар 12 191х2 438х2 591 мм. Z-92 декантерлерінен құрғатылған шөгінділер конвейерлер жүйесіне жіберіледі, ол шөгінділерді уақытша қоқыс орнына тасымалдайды. Декантерлердегі сусүзбе (фугат) сорғысы бар су багына ағады. Су DEWASYS жүйесімен басқарылатын автоматты режимде су кері көлге айдалады. Технологиялық желіге арналған электр энергиясы дизель электр станцияларында өндіріледі. Барлық технологиялар 40 фут. (12,19x2,45 м) 1 дана контейнер немесе 20 фут. (6,06x2,45 м) 2 дана контейнер салынған транзиттік жүк көліктерімен жүзеге асырылады. Орнату орнына тиісті жүк көтерімділігі бар крандармен түсіріледі. Құбырлар жұмыстарды жүргізу орнына транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Құбырлар ағаш конструкцияға бекітілген 12 м сегменттермен бөлінген. Крандардың көмегімен жүк көліктерінен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі. Сақиналар топтармен жинақталған және үлдірмен қапталған. Крандардың көмегімен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі. Дизель электр станцияларына арналған жанармай жоғары көлемді мұнай цистерналарымен (10 немесе 20 м3) жеткізіледі. Осындай жанармай жер үстілік сертификатталған резервуарға қүйылады, оның сыйымдылығы ең төменгі жеткізілетін мөлшерден 30%-ға асады. Мұнай өнімдерінің қоршаған ортаға жылыстауы секілді апаттық жағдайларға арналған төгу орнын (апатты жылыстауға арналған жинау багы) құрылымды қамтамасыз етеді. Флокулянттар ұнтақ түрінде 25 кг қаптарға салынып, паллетада 25 қаптан, яғни 625 кг/паллето болып жеткізіледі. Флокулянттар 30 паллета (18 тонна) тиелген транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Паллеталар мини-жүк түсіргішпен түсіріледі, оның қол астында тұрақты қызметкерлері бар. Паллеталарды ашық үй-жайда сақталады. Жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер уақытша жолмен тасымалдау арқылы жеткізілетін болады. Техникалық және қызмет көрсетуші қызметкерлер жеңіл автокөліктермен тасымалданады. 10. Жұмыстардың қысқаша мазмұны: елеуіш арқылы балшықты гомогендеу резервуарына өңдеу, флокулянтты дайындау және қосу, суспензия шламын дренаждау құрылғысына айдау, құрғату, құрғатылған балшықты тасымалдау, тазартылған суды кері су айдынына айдау. Құрғақ шөгінділердің мөлшері 15-тен 20% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 150-ден 300 күнтізбелік күнге дейін шөгінділердің көлемі 500-ден 1000,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату шығындары технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындар есепке алынады. Оларға: 1) еңбекті төлеуге шығындары; 2) қорларға міндетті аударулар; 3) жабдықтың және құралдардың амортизациясы; 4) реагенттердің құны; 5) электр станциясына арналған дизель жанармайының құны және оны жеткізу; 6) технологиялық жабдықты пайдалану орнына және кері жеткізудің тасымалдау шығындары; 7) технологиялық жабдықты монтаждау және демонтаждау кіреді. Нәтижелер бойынша зертханалық талдаулар жүргізіледі, олардың нәтижелері жиынтық кестелерге кіргізіліп, талдаулық өңдеу жасалынады, сонымен қатар түсіндірме жазбасы құрастырылады. Түпкі нәтиже: құрғақ қалдық. Өлшем бірлігі: гидроқоспаның 1м3. 11. Құрғақ шөгінділердің мөлшері 20-дан 40% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 150-ден 300 күнтізбелік күнге дейін шөгінділердің көлемі 500,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату технологиясы. Алынған су түбіндегі шөгінділерді өңдеу гомогендеу резервуарына дірілдеткіш елеуіш арқылы жүзеге асырылады. Ірі қоқысты ұстап қалу үшін пайдаланылатын дірілдеткіш елеуіш және тордың көлемі бөлінген балшықтың бастапқы бөлшектерінің көлеміне байланысты өзгертіледі. Ірі қоспаларды бөлгеннен кейін шлам әрқайсысының көлемі 80 м3 болатын екі гомогендеу резервуарларына беріледі. Әрбір гомогендеу резервуарына батыру жүйелерінің 3 бірлігі орнатылған. Гомогендеу резервуарының көлемі дренаждау құрылғыларындағы су түбіндегі шөгінділерді (шламды) өңдеудің (дренаждың) бір сағаттағы қуатынан көп. Суспензияларды дозалауға арналған бұрандалық сорғылар пайдаланылатын гомогендеу багы су түбіндегі шөгінділердің аспалы центрифугаларына айдалады. Сорғының барынша жоғары өнімділігі 100 м3/сағат дейін. Центрифугадан күтілетін нақты өнімділік айдалатын суспензиядағы шөгінділердегі қатты заттардың мөлшеріне байланысты 50- 90 м3/сағат. Шлам суспензияны дренаждау құрылғысы - Flottweg Z73 центрифугасына араластыру құрылғысы арқылы айдайды. Аспалы құрылғыны қайтаруға арналған беру құбырына орнатылған араластыру құрылғысына флокулянт ерітіндісі қосылады. Әртүрлі құрылғыларды электр энергиясына жалғау негізгі тарату қалқанынан қамтамасыз етіледі, ол НН уақытша қосылысы кезінде СО 02 кезінде байланысқа келтіріледі. Шөгінділердің және судың құрамы дірілдеткіш елеуішке кіреді. Бұнда тесіктері 2 мм елеуіштерде шөгінділердің үлкен бөлігі бөлінеді. Дірілдеткіш елеуіштердің негізгі параметрлері: 1) машинаның типтік белгіленуі GАМА 120.300 1; 2) судың барынша көп мөлшері - 250 m3; 3) барынша жоғары қатты үлес 2-20 %; 4) сұрыптау бетінің ұзындығы - 3 000 мм; 5) сепаратордың жалпы ұзындығы - 3 821 мм; 6) сұрыптау бетінің ені - 1 200 мм; 7) екі NА56 дірілдеткіші; 8) желінің кернеуі және жиілігі - 3 х 400 В/50 Гц; 9) номиналды тұтынылатын қуат - 2.7 кВт; 10) жұмыс жиілігі - 16 Гц; 11) дірілдетілетін салмақ - 740 кг; 12) жалпы салмақ - 754 кг; 13) бір алдыңғы тіректің астындағы статикалық жүктеме - 2038 Н; 14) бір артқы тіректің астындағы статикалық жүктеме - 1592 Н; 15) 1 тіреудің астындағы тік динамикалық әсер - ±801 Н; 16) тіреудің астындағы көлденең әсер - ±9541 Н; 17) ауытқуды (тепе-теңсіздікті) баптау 80 %. Ірі фракциялардан тазартылған шөгінділер аккумуляциялық және гомогендеу бактарына ауыстырылады. Аккумуляциялық бактардың сыйымдылығы (3 х 700 м3) тәулік бойғы жұмыс режимінде, сонымен қатар егер түнде (22:00 - 06:00) жер снаряды жұмыс істемесе желінің жұмыс істеуіне кепілдік береді. Гомогендеу бактарынан қоспа сорғылық контейнер арқылы FLOTTWEG Z-73 декантерлеріне – 2 дана айдалады. Декантерге енгізудің алдында қоспаға флокулянттың қажетті мөлшері (2-3 кг/құрғақ заттың тоннасы) қосылады. Флокулянт 0,5% жұмыс концентрациясы үшін флокулянт станцияларында дайындалады. Флокулянтты дайындау, оны бабына келтіру және құбырларға дозалау автоматты режимде DEWASYS жүйесімен басқарылады. Флокулянтты дайындауға арналған су автоматты су айдау станциясы арқылы көлден жиналады. Жұмыс концентрациясын дайындау үшін 1 дана DESET Р8-12 полимерлік станциясы пайдаланылады. DESET Р8-12 мобильді полимерлік станциясы сапалы тот баспайтын болаттан жасалынған. DESET РS-12 жүйесі үшін автоматты және жартылай автоматты және екі көлемде қолжетімді болады. 12. Жартылай автоматты жүйе дайындау, тынықтыру және (сақтау) айдау үздіксіз процесі бар 3 жалғанған резервуардан тұрады. Жүйе шағын және орташа кәсіпорындар үшін ең жақсы болады. 45-тен 60 минутқа дейінгі кезеңдерде жұмыс істейтін автоматты жүйе араластыруға арналған резервуардан және тынықтыруға арналған екі резервуардан тұрады. Жүйе үздіксіз режимде жұмыс істеуге қабілетті. Барлық процестер арнайы дербес DEWASYS жүйесі бақылайды. Қондырғы бір полимерден екіншісіне оңай ауысу үшін қолайлы. Әрбір қондырғы вакуумдық қоректендіргішпен, ұнтақты араластыруға арналған миксермен, сорғылармен, шығынды өлшегіштермен, қалқымалы деңгей өлшегіштермен жабдықталған. Deset РS-12: 1) ерітіндіні өндіру, м3/сағат – 10; 2) ерітіндінің концентрациясы, % - 0,1-0,4; 3) вакуумдық қоректендіргіш, кг – 125; 4) эмульсияға арналған бұрандалық сорғы, м3/сағат - 2-14; 5) резервуар 3 бөлікке бөлінген, жалпы сыйымдылық, дм3 - 22 000; 6) орнатылған қуат, кВт - 33,52; 7) қысымды судың көлемі, м3/сағат – 30; 8) габариттік көлемдері, мм - 40»резервуар 12 191х2 438х2 591. Z73 декантерлерінен құрғатылған шөгінділер конвейерлер жүйесіне жіберіледі, ол шөгінділерді уақытша қоқыс орнына тасымалдайды. Осы қоқыс орнынан шөгінділерді ағымдағы тәртіпте белгілі бір қоқыс орнына қосалқы мердігер (тасымалдау компаниясы) тасымалдайды. Шығарудың саны мен жиілігі жобаның материалдық теңгерімінде түсіндіріледі. Декантерлердегі сусүзбе (фугат) сорғысы бар су бағына ағады. Су DEWASYS жүйесімен басқарылатын автоматты режимде кері көлге айдалады. Технологиялық желіге арналған электр энергиясы дизель электр станцияларында өндіріледі. Қондырғының бөлігі сонымен қатар флокулянтты сақтауға арналған үй-жайлар, қойма, қосалқы бөлшектер қоймасы, кеңселік және қызметкерлерге арналған санитарлық жабдық болып табылады. Барлық технологиялар 40 фут. (12,19x2,45 м) 1 дана контейнер немесе 20 фут. (6,06x2,45 м) 2 дана контейнер салынған транзиттік жүк көліктерімен жүзеге асырылады. Орнату орнына тиісінше жүк көтерімділігіне бар крандармен түсіріледі. Құбырлар жұмыстарды жүргізу орнына транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Құбырлар ағаш конструкцияға бекітілген 12 метр сегменттермен бөлінген. Крандардың көмегімен жүк көліктерінен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі. Сақиналар топтармен жинақталған және үлдірмен қапталған. Крандардың көмегімен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі. Дизель электр станцияларына арналған жанармай жоғары көлемді мұнай цистерналарымен (10 немесе 20 м3) жеткізіледі. Осындай жанармай жер үстілік сертификатталған резервуарға құйылады, оның сыйымдылығы ең төменгі жеткізілетін мөлшерден 30%-ға асады. Флокулянт ұнтақ түрінде 25 кг қаптарға салынып, паллетада 25 қаптан, яғни 625 кг/паллета болып жеткізіледі. Флокулянттар 30 паллета (18 тонна) тиелген транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Паллеталар мини-жүк түсіргішпен түсіріледі, оның қол астында тұрақты қызметкерлері бар. Паллеталарды ашық үй-жайда сақтауға болады, себебі олар қорғаныс полиэтилен үлдірімен қапталған. Жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер уақытша жолмен тасымалдау арқылы жеткізіледі. Техникалық және қызмет көрсетуші қызметкерлер жеңіл автомобильдермен тасымалданады. Жұмыстардың қысқаша мазмұны: елеуіш арқылы балшықты гомогендеу резервуарына өңдеу, флокулянтты дайындау және қосу, суспензия шламын дренаждау құрылғысына айдау, құрғату, құрғатылған балшықты тасымалдау. Тазартылған суды кері су айдынына айдау. Құрғақ шөгінділердің мөлшері 20-дан 40% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 150-ден 300 күнтізбелік күнге дейін шөгінділердің көлемі 500,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату шығындары технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындар есепке алынады. Оларға: 1) еңбекті төлеуге шығындар; 2) қорларға міндетті аударулар; 3) жабдықтың және құралдардың амортизациясы; 4) реагенттердің құны; 5) электр станциясына арналған дизель жанармайының құны және оны жеткізу; 6) технологиялық жабдықты пайдалану орнына және кері жеткізудің тасымалдау шығындары; 7) технологиялық жабдықты монтаждау және демонтаждау кіреді. Нәтижелер бойынша зертханалық талдаулар жүргізіледі, олардың нәтижелері жиынтық кестелерге кіргізіліп, талдаулық өңдеу жасалынады, сонымен қатар түсіндірме жазбасы құрастырылады. Түпкі нәтиже: құрғақ қалдық. Өлшем бірлігі: гидроқоспаның 1 м3. 13. Құрғақ шөгінділердің мөлшері 10-тен 15% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 90-нан 150 күнге дейін шөгінділердің көлемі 500,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату технологиясы. Алынған су түбіндегі шөгінділерді өңдеу гомогендеу резервуарына дірілдеткіш елеуіш арқылы жүзеге асырылады. Ірі қоқысты ұстап қалу үшін пайдаланылатын дірілдеткіш елеуіш және тордың көлемі бөлінген балшықтың бастапқы бөлшектерінің көлеміне байланысты өзгертіледі. Ірі қоспаларды бөлгеннен кейін шлам әрқайсысының көлемі 80 м3 болатын 2 (екі) гомогендеу резервуарларына беріледі. Әрбір гомогендеу резервуарына батыру жүйелерінің 3 (үш) бірлігі орнатылған. Гомогендеу резервуарының көлемі дренаждау құрылғыларындағы су түбіндегі шөгінділерді (шламды) өңдеудің (дренаждың) бір сағаттағы қуатынан көп. Суспензияларды дозалауға арналған бұрандалық сорғылар пайдаланылатын гомогендеу багы су түбіндегі шөгінділердің аспалы Flottweg Z92 центрифугасына айдалады. Сорғының барынша жоғары өнімділігі 120 м3/сағат дейін. Центрифугадан күтілетін нақты өнімділік айдалатын суспензиядағы шөгінділердегі қатты заттардың мөлшеріне байланысты 50-110 м3/сағат-1. Шлам суспензияны дренаждау құрылғысы - Flottweg Z92 центрифугасына араластыру құрылғысы арқылы айдайды. Әртүрлі құрылғыларды электр энергиясына жалғау негізгі тарату қалқанынан қамтамасыз етіледі. Суспензияларды дозалауға арналған бұрандалық сорғылар пайдаланылатын гомогендеу багы су түбіндегі шөгінділердің аспалы центрифугаларына айдалады. Сорғының барынша жоғары өнімділігі 100 м3/сағат дейін. Центрифугадан күтілетін нақты өнімділік айдалатын суспензиядағы шөгінділердегі қатты заттардың мөлшеріне байланысты. Шлам суспензияны дренаждау құрылғысы - центрифугаға араластыру құрылғысы арқылы айдайды. Аспалы құрылғыны қайтаруға арналған беру құбырына орнатылған араластыру құрылғысына флокулянт ерітіндісі қосылады. Әртүрлі құрылғыларды электр энергиясына жалғау негізгі тарату қалқанынан қамтамасыз етіледі. Шөгінділердің және судың құрамы дірілдеткіш елеуішке кіреді. Бұнда тесіктері 2 мм елеуіштерде шөгінділердің үлкен бөлігі бөлінеді. Ұсынылған гранулометриялық талдаудың негізінде тапсырыс беруші 13,4% құрғақ заттың бөлініп шығуын болжайды. Елеуіштердің негізгі параметрлері: 1) машинаның типтік белгіленуі GАМА 120.300 1; 2) судың барынша көп мөлшері - 150 m3; 3) барынша жоғары қатты үлес - 2-20 %; 4) сұрыптау бетінің ұзындығы - 3 000 мм; 5) сепаратордың жалпы ұзындығы - 3 821 мм; 6) сұрыптау бетінің ені - 1 200 мм; 7) екі NА56 дірілдеткіші; 8) желінің кернеуі және жиілігі - 3х400В/50Гц; 9) номиналды тұтынылатын қуат - 2.7кВт; 10) жұмыс жиілігі - 16 ц; 11) дірілдетілетін салмақ – 740 кг; 12) жалпы салмақ - 754кг; 13) бір алдыңғы тіректің астындағы статикалық жүктеме - 2038 Н; 14) бір артқы тіректің астындағы статикалық жүктеме - 1592 Н; 15) 1 тіреудің астындағы тік динамикалық әсер ±801 Н; 16) 1 тіреудің астындағы көлденең әсер ±9541 Н; 17) ауытқуды (тепе-теңсіздікті) баптау 80 %. Ірі фракциялардан тазартылған шөгінділер аккумуляциялық және гомогендеу бактарына ауыстырылады. Аккумуляциялық бактардың сыйымдылығы (2 х 1000 м3) тәулік бойғы жұмыс режимінде, сонымен қатар егер түнде (22:00 - 06:00) жер снаряды жұмыс істемесе желінің жұмыс істеуіне кепілдік береді. Гомогендеу бактарынан қоспа сорғылық контейнер арқылы декантерлерге айдалады. Декантерге енгізудің алдында қоспаға флокулянттың қажетті мөлшері қосылады. Флокулянт 0,5% жұмыс концентрациясы үшін флокулянт станцияларында дайындалады. Флокулянтты дайындау, оны бабына келтіру және құбырларға дозалау автоматты режимде DEWASYS жүйесімен басқарылады. Флокулянтты дайындауға арналған су автоматты су айдау станциясы арқылы көлден жиналады. Жұмыс концентрациясын дайындау үшін 2 дана DESET Р8-2 полимерлік станциясы пайдаланылады. DESET Р8-2 мобильді полимерлік станциясы сапалы тот баспайтын болаттан жасалынған. DESET Р8-2 жүйесі автоматты және жартылай автоматты және екі қөлемде қолжетімді болады. 14. Жартылай автоматты жүйе дайындау, тынықтыру және (сақтау) айдау үздіксіз процесі бар 3 жалғанған резервуардан тұрады. Жүйе шағын және орташа кәсіпорындар үшін ең жақсы болады. 45-тен 60 минутқа дейінгі кезеңдерде жұмыс істейтін автоматты жүйе араластыруға арналған резервуардан және тынықтыруға арналған екі резервуардан тұрады. Жүйе үздіксіз режимде жұмыс істеуге қабілетті. Барлық процестер арнайы дербес DEWASYS жүйесі бақылайды. Қондырғы бір полимерден екіншісіне оңай ауысу үшін қолайлы. Әрбір қондырғы вакуумдық қоректендіргішпен, ұнтақты араластыруға арналған миксермен, сорғылармен, шығынды өлшегіштермен, қалқымалы деңгей өлшегіштермен жабдықталған. Deset P8-2: 1) ерітіндіні өндіру, м3/сағат – 10; 2) ерітіндінің концентрациясы, % - 0,1-0,4; 3) вакуумдық қоректендіргіш, кг – 125; 4) эмульсияға арналған бұрандалық сорғы, м3/сағат - 2-14; 5) резервуар 3 бөлікке бөлінген, жалпы сыйымдылық, дм3 - 22 000; 6) орнатылған қуат, кВт - 33,52А; 7) қысымды судың көлемі, м3/сағат – 30; 8) габариттік көлемдері, мм - 40»резервуар 12 191х2 438х2 591. Декантерлерден құрғатылған шөгінділер конвейерлер жүйесіне жіберіледі, ол шөгінділерді уақытша қоқыс орнына тасымалдайды. Декантерлердегі сусүзбе (фугат) сорғысы бар су багына ағады. Су DEWASYS жүйесімен басқарылатын автоматты режимде кері көлге айдалады. Технологиялық желіге арналған электр энергиясы дизель электр станцияларда өндіріледі. Қондырғының бөлігі сонымен қатар флокулянтты сақтауға арналған үй-жайлар, қойма, қосалқы бөлшектер қоймасы, кеңселік және қызметкерлерге арналған санитарлық жабдық болып табылады. Барлық технологиялар 40 фут. (12,19x2,45 м) 1 дана контейнер немесе 20 фут. (6,06x2,45 м) 2 дана контейнер салынған транзиттік жүк көліктерімен жүзеге асырылады. Орнату орнына сәйкес келетін жүк көтерімділігі бар крандарымен түсіріледі. Құбырларды және қалқымалы сақиналарды жеткізу. Құбырлар жұмыстарды жүргізу орнына транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Құбырлар ағаш конструкцияға бекітілген 12 метр сегменттермен бөлінген. Крандардың көмегімен жүк көліктерінен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі. Сақиналар топтармен жинақталған және үлдірмен қапталған. Крандардың көмегімен түсіру мүмкіндігінше суға жақын жүргізіледі. Дизель электр станцияларына арналған жанармай жоғары көлемді мұнай цистерналарымен (10 немесе 20 м3) жеткізіледі. Осындай жанармай жер үстілік сертификатталған резервуарға құйылады, оның сыйымдылығы ең төменгі жеткізілетін мөлшерден 30%-ға асады. Мұнай өнімдерінің қоршаған ортаға жылыстауы секілді апаттық жағдайларға арналған төгу орнын (апатты жылыстауға арналған жинау багы) құрылымды қамтамасыз етеді. Флокулянт ұнтақ түрінде 25 кг қаптарға салынып, паллетада 25 қаптан, яғни (625 кг/паллето) болып жеткізіледі. Флокулянттар 30 паллета (18 тонна) тиелген транзиттік жүк көліктерімен жеткізіледі. Паллеталар мини-жүк түсіргішпен түсіріледі, оның қол астында тұрақты қызметкерлері бар. Паллеталарды ашық үй-жайда сақтауға болады, себебі олар қорғаныс полиэтилен үлдірімен қапталған. 15. Жұмыстардың қысқаша мазмұны: елеуіш арқылы балшықты гомогендеу резервуарына өңдеу, флокулянтты дайындау және қосу, суспензия шламын дренаждау құрылғысына айдау, құрғату, құрғатылған балшықты тасымалдау, тазартылған суды кері су айдынына айдау. Құрғақ шөгінділердің мөлшері 10-нан 15% дейін және жұмыстардың ұзақтық мерзімі 90-нан 150 күнтізбелік күнге дейін шөгінділердің көлемі 500,0 мың м3 дейінгі су айдындарында балшықты құрғату шығындары технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындар есепке алынады. Оларға: 1) еңбекті төлеуге шығындар; 2) қорларға міндетті аударулар; 3) жабдықтың және құралдардың амортизациясы; 4) реагенттердің құны; 5) электр станциясына арналған дизель жанармайының құны және оны жеткізу; 6) технологиялық жабдықты пайдалану орнына және кері жеткізудің тасымалдау шығындары; 7) технологиялық жабдықты монтаждау және демонтаждау кіреді. Нәтижелер бойынша зертханалық талдаулар жүргізіледі, олардың нәтижелері жиынтық кестелерге кіргізіліп, талдаулық өңдеу жасалынады, сонымен қатар түсіндірме жазбасы құрастырылады. Түпкі нәтиже: құрғақ қалдық. Өлшем бірлігі: гидроқоспаның 1м3. 16. Ультра сүзгіден өткізудің центрифугалық қондырғыларының фугаттарында су айдындарындағы суларды алдын ала тазалау. Ультра сүзгіден өткізу технологиясы бастапқы судың лайлылығының өзгеруіне қарамастан 0,1 мг/дм3 төмен лайлылыққа ие суды алуға мүмкіндік береді. Коагулянтты (3 валентті темірдің негізіндегі минералды коагулянт) бастапқы дозалаумен үйлесімдегі ультра сүзгіден өткізу түстіліктің көрсеткішін 60-90%-ға, ал ХПК органиканың мөлшерін 50-75%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бастапқы суға сонымен қатар центрифугалық қондырғыларда балшықтық тұнбаларды бөлу үшін пайдаланылатын қалдық полимерлік флоккулянтты бейтараптандыруға арналған AQUACLAY бентонитті балшықтың суспензиясы дозаланады. Ультра сүзгіден өткізу қондырғысын кері жууды дренаждау технологиялық желінің басына - сепарациялық қондырғының жиынтық ыдысына қайта оралады. Бастапқы судың параметрлері келесідей болу шартымен ADUAPORE UҒ-4-14 ультра сүзгіден өткізу қондырғысы технологиясының негізгі технологиялық параметрлері: 1) бастапқы су бойынша ең төменгі өнімділік: 160 м3/сағат; 2) бастапқы су бойынша ең жоғарғы өнімділік: 170 м3/сағат; 3) сусүзбе бойынша өнімділік: 147-160 м3/сағат; 4) сусүзбенің ысыру желісінің ағыны: 2,5 м; 5) сүзгіден өткізу бетінің жалпы ауданы: 3360 м2; 6) модульдердің саны (dizzer XLO/9MB60): 56; 7) пермеаттың шығысы: 92-95%; 8) сүзгіден өткізудің үлестік жылдамдығы, брутто: 50,2 дм3/м2/сағат; 9) сүзгіден өткізудің үлестік жылдамдығы, нетто: 43,2 дм3/м2/сағат; 10) кері жуу дренажы: 13,0 м3/сағат; 11) күшейтілген кері жуу дренажы: 2,0 м3/сағат; 12) күшейтілген кері жуу м/у интервалы: 12-48 сағат; 13) кері жуу кезіндегі шығын: 773 м3/сағат; 14) күшейтілген кері жуу кезіндегі шығын: 403 м3/сағат; 15) сүзгіден өткізу режимінің ұзақтығы: 645-0 мин; 16) кері жуу ұзақтығы: 45-60 с.; 17) кері жуу дренажының көлемі: 9,6-12,8 м3; 18) ысыру дренаждық желісінің ағыны: 5,0 м; 19) жиынтық үлестік энергия тұтыну: 0,03-0,05 кВт/м3 тазартылған су. Бастапқы су бастапқы су желісі арқылы беріледі. Қалдық полимерлік коагулянтты бейтараптандыру және бастапқы су құбырына байланыстыру үшін AQUACLAY адсорбенті (бентониттік балшықтың су суспензиясы) және темір тұздарының негізіндегі минералдық коагулянт дозаланады. AQUACLAY және бастапқы су коагулянтын тиімді араластыру үшін бастапқы су желісінде статикалық миксер орналастырылады. AQUACLAY және коагулянтты дозалағаннан кейін су номиналды көлемі 105м3 екі секциялы коллекторлық ыдысқа бағытталады, ол бастапқы судың реагенттермен байланысу уақытын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бастапқы су шығынын орталандыруға арналған буферлік резервуар болып табылады. Коллекторлық ыдыстағы бастапқы суды араластыру үшін өнімділігі 90 м3/сағат болатын сорғылық станция пайдаланылады. AQUACLAY және коагулянтты дайындау және дозалау үшін сәйкес келетін дайындау және дозалау станциялары қарастырылады. Бастапқы су коллекторлық ыдыстан дайындаудың сорғылық станциясы арқылы ультра сүзгіден өткізу жарғақшаларын көлемі 250 мкм асатын механикалық бөлшектерден қорғау үшін орнатылған ірі сүзгіден өткізу сүзгісіне беріледі. Қысымсыз сорбциялық фильтраттан кейін су AQUAPORE UF-4-14 ультра сүзгіден өткізу қондырғысына беріледі, онда өнеркәсіптік контроллер және оператор интерфейсі (НМІ) бар басқару шкафы бар. Қондырғының автоматты режимде жұмыс режимдері: төменнен сүзгіден өткізу; үстінен сүзгіден өткізу; төменнен кері жуу; үстінен кері жуу; төменнен тік жуу; үстінен тік жуу; үш реагентке күшейтілген кері жуу; күту; модульдердің тұтастығын тексеру; қондырғыны дайындау (модельдерді және құбырларды). Ультра сүзгіден өткізу қондырғыларының сусүзбелері ысыру желісіне және ультра сүзгіден өткізу сусүзбелерін сақтау (кері жуу) ыдысына жіберіледі. Ультра сүзгіден өткізу қондырғыларын кері және күшейтілген жуу үшін сорғылық станция пайдаланылады. 17. Технологиялық желінің барлық қосымша құрылғылары (кері жуудың сорғылық станциясы, күшейтілген жуу реагенттерін дозалау тораптары, технологиялық бақылау құралдары және арматурасы) орталықтанған бақылау жүйесіне қосылған және толық автоматты режимде жұмыс істейді. Dizzer XL Multibore0,9® ультра сүзгіден өткізу модульдерін пайдаланумен AQUAPORE-UҒ қондырғыларында ультра сүзгіден өткізудің центрифугалық қондырғыларының фугаттарында су айдындарындағы суларды алдын ала тазалау шығындары технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындар есепке алынады. Оларға: 1) еңбекті төлеуге шығындар; 2) қорларға міндетті аударулар; 3) жабдықтың және құралдардың амортизациясы; 4) реагенттердің құны; 5) электр станциясына арналған дизель жанармайының құны және оны жеткізу; 6) технологиялық жабдықты пайдалану орнына және кері жеткізудің тасымалдау шығындары; 7) технологиялық жабдықты монтаждау және демонтаждау кіреді. Түпкі нәтиже: тазартылған су. Өлшем бірлігі: тазартылған судың 1м3. 3. Су айдындарын балықтандыруға арналған экологиялық нормативтер мен талаптар 18. Су айдындарын балықтандыру мұқият талдай отырып кезеңдер бойынша жүзеге асырылады. Бастапқыда көлге ақ амурды бірінші рет жіберу әсері (балықтың өсу қарқыны, балдырлардың даму деңгейінің және түрлік құрамының өзгеруі, судың химиялық көрсеткіштері, сапробносттылық индексі) бағаланады. Амур жылдам өседі. Жыныстық кемелдікке алты-жеті жаста жетеді. Уылдырық шашу көктемнің соңында болады. Бір балықпен шашылатын уылдырықтың саны 800 мың және одан көп уылдырық. Уылдырығы ірі. Шыққан соң жеті тәуліктен кейін ұзындығы 8 мм болатын дернәсілдер судың түбінде жүзіп жүріп қоректенеді. 22 тәулік жасына жеткенде көптеген жіп тәрізді балдырларды жұта бастайды. Ақ амурдың ұзындығы шамамен алғанда 3 см жуық болғанда өмірінің алғашқы жылында өсімдіктермен қоректенуді бастайды. Амур ірі топтар құрмай өмір сүреді. Кейіннен әсерді сақтау үшін ақ амурдың санын су өсімдіктерінің даму деңгейіне сәйкес ұстау қажеттілігі туындайды. 19. Жұмыстың мазмұны. Ақ амурдың ірі көшет материалдарын орнату. Су айдындарын балықтандыруға жұмсалған шығындар технологиялық процестің барлық құрамдас элементтері бойынша шығындар есепке алынады. Оларға: 1) еңбекті төлеуге шығындар; 2) қорларға міндетті аударулар; 3) балықтың құны; 4) шығаруға тасымалдау шығындары кіреді. Түпкі нәтиже: су айдынын балықтандыру. Өлшем бірлігі: 1 га. 4. Су айдындарының аэрациясына арналған экологиялық нормативтер мен талаптар 20. Су сапасын жақсартудың биоинженерлік әдісі кіріс құбырлары бар флотатор және қиығы (4х6мм2) электр кабельді келтірумен монтаждау жабдығы бар аэрацияның гидравликалық жүйелерін жасау арқылы жүзеге асырылады. Аэрация жүйесі үшін флотаторы бар Waterix AIRIT200 аэраторы (Финляндия) пайдаланылады. AIRIT200 аэраторларының жұмыс істеу қағидаты: 1) сорғылар сору құбыры арқылы пропеллердің көмегімен суды көтереді. Сору құбырының төменгі бөлігі көлдің түбінен 1-2,5 м ара қашықтықта орналасады; 2) сыртқа тебуші сорғы суды 360 градусқа шығарады; 3) аэрация жүзеге асырылады. Аэратордың артықшылықтары: кең сору құбырының арқасында ағынның қарсылығы тар құбырмен салыстырғанда шамамен 3 есе аз болады, ол тіпті, терең жерлерде аэратордың жоғары өнімділігін береді. 21. AIRIT200 негізгі техникалық сипаттамалары: 1) Lonne өндірген 3 фазалық жеке қозғалтқыш (номиналды қуаты 5,5 кВт, Ғ-class, кернеу 400В, жиілік 50Гц); 2) электр кабель (4Gb - жергілікті басқарудың электр желілеріне әсер етуі мүмкін; айнымалы тоқты пайдалану кезінде қажет); 3) аэратордың қалқымалармен және сору құбырынсыз салмағы - шамамен 160 кг жуық; 4) оттегі аэрациясын беру жылдамдығы - 8,3 кг О2/сағат, 20oС; 230 л/с; 5) оттегін берудің тиімділігі - 1,8 кг02/кВТч; 6) қалқымалармен және сору құбырынсыз негізгі көлемдері - 1500