Елорданың Ономастика комиссиясына Орынбор көшесін «Мәңгілік ел» деп өзгерту туралы ұсыныс келіп түсті. Бұл туралы бүгін «Астана қаласының бірқатар көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» тақырыпта өткен қоғамдық тыңдау барысында қалалық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Тілеуғали Қышқашбаев хабарлады.
«Орынбор көшесінің атауы кайта өзгеруі мүмкін. Орынбор - біздің алғашқы астанамыз екенін барлықтарыңыз білесіздер. Алайда Орынбор көшесі атауы толық өшірілмейді, ол басқа жерде пайда болуы мүмкін (...). Астана тұрғындары (ұсынысты - ред) қолдап отыр. Даңғыл Мәңгілік ел болып өзгеруі мүмкін», - деді ол.
Оның айтуынша, бұған даңғылдың бойында «Мәңгілік ел» тримфальды аркасының орналасуы себепші болып отыр. Көше атауын өзгерту туралы ұсыныс қаланың зяиыл қауым өкілдерінен келіп түскен.
Тілеуғали Қышқашбаевтың атап өтуінше, жалпы алғанда қаланың ономастика комиссиясына 77 өтінім келіп түскен, оның 20-сы бойынша ұсыныстар ескеріліп, қалғандары кері қайтарылған.