Қаржыландыру көздерін өсірген жөн
Ақжайық аймағының шалғай тұрғындарының басты проблемасы – жол. Ең алыс аудан Жәнібекке салынып жатқан тас жолдың биылғы жұмыстарын есептегенде әлі 200 шақырымы жасалмай қалайын деп тұр. Жыл сайын жиырма шақырымнан жөнделетінін есептесек, автожолдың пайдалануға берілетін уақытын әлі он жыл күту керек екен. Үкімет тарапынан осы жолды қаржыландыру мәселесі көбейтілсе екен деген ұсыныс айтқым келеді. Екіншіден, Жәнібек ауданымен көршілес Бөкей Ордасы ауданында да автожол мәселесінде шешілмеген түйіндер жеткілікті. Атап айтқанда Өнеге, Бейсен, Сайхын аумақтары арқылы жол салу мәселесі өз кезегін күтіп тұр. Бұл мәселе алдағы жылдардың жоспарына енгізілсе жергілікті тұрғындардың облыс орталығымен қарым-қатынасы үшін үлкен жеңілдік болар еді. Үшіншіден, Орал өңірі Ресейдің бес облысымен шектеседі. Қазір еуразиялық-экономикалық одақ шеңберінде осы бес облыспен тығыз қарым-қатынас жүріп жатыр. Осы тұрғыда Ресейден біздің шекараға дейін кіріп келген жол мен өзіміздегі автожолды салыстыра қарасақ, айырмашылық жер мен көктей екенін көреміз. Әрі Ресейдің Орынбор облысы шекарасына шығатын жолдың сапасы мүлдем сын көтермейді. Осы жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге қажетті қаражат бөлінсе екен. Абат ЕСЕНҒАЛИЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, еңбек ардагері Орал ...үміт артадыҚұрметке лайық азамат
Әбілмәжін Жұмабаев ағамыз 10 жыл бойы «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Мұнан кейін «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналында басшылық қызметтерде болды. «Жазушы» баспасының директоры, республикалық Кітап палатасының директоры болып еңбек етті. Ағамыз орыс және шетел жазушыларының шығармаларын ана тіліне аударды. Әсіресе, оқырман қауым М.Ридтің «Жұмбақ салт атты» және А.Дюманың «Үш ноян» шығармаларын күні бүгінге дейін іздеп жүріп оқитыны ақиқат. Мұнан басқа араб жазушыларының новеллаларын, парсы, түрікпен жазушыларының повестері мен әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Әрине, ұзақ жылдар бойғы ерен еңбек, маңдай тер босқа кеткен жоқ. Әбілмәжін Жұмабаев ағамыз «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен және «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды. «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын иеленді. Әбілмәжін Жұмабаев ағамызды мәңгі есте қалдыру үшін ауыл орталығында жаңадан салынған № 37 қазақ орта мектебіне осы кісінің атын беру туралы ұсынысты қолдаймыз. Мұнымыз Әбілмәжін ағамыздың да аты өшпесе деген ақ тілек. Ендеше, облыстық және аудандық ономастикалық комиссиялар мүшелері осы мәселені шынтуайттап қолға алып, нақты нәтиже шығарар деген үмітіміз бар. Мейрамбек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы ...ризашылығын білдіредіАна тілім – ардағым
Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Шетпедегі Б.Жұмалиев атындағы орта мектепте патриоттық жиын өтті. Бұл шараның мақсаты – Қазақстан халықтарының тілдерін құрметтеу, қазақ тілін кеңінен насихаттау негізінде қазақстандықтардың бірегейлігі мен ұлттық бірлігін нығайту болып табылады. Шараға тіл жанашырлары, көп жылдар мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған Қ.Исаев, Б.Қуанбаев және мектеп басшысы Сейітжан Сафиев, жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев және мектептің ұстаздары мен оқушылары, ауылдың белсенді жастары қатысты. Шарада еңбек ардегері Қуантқан Исаев қазіргі таңдағы жастардың ана тілімізді бұрмалап сөйлеп, керексіз жаргондарды пайдаланып жүргендігін айтты. Бұдан соң аудандық қорғаныс істері бөлімінің бөлім басшысы Бердіхан Қуанбаев қазіргі әскер өміріндегі ана тілдің беделін сөз етті. Басқосуда украин ұлтының өкілі Елена Лоставецкая ақын Сабыр Адайдың «Ұлы Абайға» атты өлеңін нақышына келтіре оқып еді, оның бұл өнеріне жиналған қауым риза болды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары тілді құрметтеу мақсатында патриоттық өлеңдер мен әндер айтты. Алдаш ШОҢАЙ Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы