• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2016

«Серпін» сенім сыйлады

382 рет
көрсетілді

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Онтүстік Қазақ­стан облыстарында демографиялық өсім өте жоғары. Ауа райы жұмсақ оңтүстік өңірге сырт жақтан қоныс аударатындар саны да жеткілікті. Бұл үдеріс күрделі мәселені көлденең тартады. Бүгінде оңтүстік облыстар­да жұмыссыздық мәселесі белең ал­ған. Әлеуметтік нысандар, баспана, мектеп, балабақша жетпейді. Аталмыш өңірдегі жоғары оқу орнын бітірген мамандардың дені жұмыссыз жүргені жасырын емес. Жұмыс орны болмаған соң, мемлекеттік гранттар да аз бөліне бастады. Ал бұған керісінше, еліміз­дің 8 облысында кадр тапшылығы өзекті мәселеге айналды. Оған сол өңірлердегі бала туу деңгейінің төмен­дігі және сыртқа көшетіндер легі­нің тоқтамауы себеп болып отыр. «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» атты әлеуметтік жоба осы үлкен істің шешімін табуға деген талпыныстан туды. Мемлекеттік бағдарлама аясында қажетті мамандарға жағдай жасалып, олардың тегін оқуы үшін мемлекеттік гранттар бөлінді. Осы әлеуметтік жобаға биыл тағы да 24 жоғары оқу орны мен 30 колледж қатысып отыр. Енді жастарға медицина саласы бойын­ша мамандық алуға мүмкіндік туды. Ы.Алтынсарин атындағы Арқа­лық мемлекеттік педагогикалық инс­ти­тутына «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға», «Серпін-2050» әлеу­меттік жобалары бойынша биыл 155 талапкер қабылданды. Барлығы да жатақ­ханалармен, арнайы мөлшердегі шәкірт­ақымен қамтамасыз етілген. Қазақ­станның ертеңіндей бүгінгі жас­тар сапалы білім алып, таңдаған маман­дықтарының иесі болуды армандайды. Олар елден, ата-ана, бауырдан жырақ кеттік деп мұңайып жүрген жоқ. Демек, қанатын енді ғана қаққан, жарқын болашаққа жаңа серпінмен ұмтылған жастарға дұрыс жол нұсқап, болашаққа жөн сілтеу – өз тарапымыздан елімізге тиер аз да болса үлес деп ойлаймын. Экономикалық дағдарысқа қарамастан, мемлекет біздің болашағымыз үшін қаражат бөлгеніне мың алғыс. «Серпін» қозғалысының мүшесі болуға әрқай­сымыз ат салысуымыз қажет. Бізбен қатарлас болу әркімнің-ақ арманына айналмақ. Сан емес сапа маңызды бол­ғандықтан барлығымыз аянбай жұмыс атқаруға міндеттіміз. Осы жобаға қа­тыс­­қан жастардың білімге деген құш­тарлығы оянды. Болашақ бүгіннен басталады. Ал біз алдыңғы ұрпақ сенім артар жалынды жастармыз. Елім, жерім дейтін жігерлі жастар легі көбейе берсін! Жансерік БАЙДЕНОВ, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының II курс студенті Қостанай облысы