• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2016

Бас бәйге – брендті автокөлік

179 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде жур­налистер арасында өткізіліп жатқан ұлт­тық «Самғау» байқауының аралық қоры­тын­дысына арналған баспасөз жиыны өтті.­ Шараға Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, байқаудың бас демеушісі «AllurAuto Astana» автокомпаниясы дилерлік орталығының атқарушы директоры Шыңғыс Сей­сембинов, «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федера­циясының президенті Римма Тәжібаева қатысты. Жиын барысында Бибігүл Жексенбай байқауға 74 жұмыс түскенін баяндады. Бұл жұмыстарды белгілі қоғам қайраткерлерінен тұратын арнайы комиссия бағалайтынын жеткізді. Ал «Халық маркасы» федерациясының президенті Римма Тәжібаева байқау қорытындысы бойынша ең үздік 16 аймақ журналистеріне дүниежүзінің 12 еліне жолдама беру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Яғни, Ресей, Грузия, Армения, Әзербайжан, Украина, Тайланд, Египет, Қытай, Түркия, БАӘ, Үндістан мемлекеттеріне 2017 жылдың ақпан мен мамыр айы аралығында сауда-саттық миссиясымен жол жүретін тауарөндірушілер қатарына журналистер де кіретінін жеткізді. Р.Тәжібаеваның айтуынша, сауда-саттық миссиясы ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттауға бағытталған шара. Айта кетейік, биылғы «Самғау» байқауы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 тамыз бен 10 желтоқсан аралығында өткізілуде. Байқау қорытындысы желтоқсан айында жарияланады. Жүлде қоры – жеті аталым бойынша 10 миллион теңге. Соның ішінде бас жүлде – «Халық маркасы» белгісін алған, әйгілі бренд Jac S3 автокөлігі. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»