• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2016

Кәсіби деңгейді көтеру көзделеді

365 рет
көрсетілді

Сенатта «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңды іске асыру барысына арналған дөңгелек үстел отырысы болды. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров өзінің кіріспе сөзінде кәсіби мемлекеттік аппаратты құру «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бірінші реформа ретінде белгіленгенін атап өтті. Төрағаның орынбасары Мем­лекет басшысы Н.Ә.Назар­баев­тың «Бір мақсат, бір мүдде, бір бола­шақ» Жолдауында «Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс» – деп айтқан сөзін еске салды. – Бізде осындай жоғары талап­тарға толық сай келетін әрі өзінің бар күш-жігерін елге қызмет етуге ар­най­тын мемлекеттік қызмет­кер­лер аз емес екені ақиқат, – деді Б.Бекна­заров. «Қазақстан Республи­касын­дағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңның жаңа мәтінін іске асыру туралы айта келіп, Б.Бек­на­заров қазіргі өзекті мәсе­лелерді талқылаудың және мем­лекет­тік қызметтің тиімділігін арт­тыру жөнінде заңнамалық түр­де де, ұйымдастыру деңгейінде де шараларды бірлесе әзірлеу қажет­тігіне назар аударды. Сенат Төрағасының орынбасары заң мемлекеттік қызметке кірі­су және оны атқарудағы мансап­тық қағидаттарды, сондай-ақ құзы­­рет­­тілік және конкурстық тұрғы­дағы тәр­тіпті реттейтінін атап өтті. Енді бос лауазымдарға үміт­керлерді са­па­­лы таңдауды қамта­масыз ету үшін, олардың кәсіби дамуына бағ­дар­­лануына және мем­лекеттік қыз­мет­тегі мерито­кратияны нығай­туға заң жүзінде жағдай жасалды» – деді баяндамашы. Шешеннің сөзінде жаңа заң­дағы еңбекке ақы төлеудегі бонус жүйесінің енгізілуі, мемле­кет­­тік қызметшілер үшін әлеу­мет­тік кепіл­діктерді күшейту, мемлекеттік қыз­метшілерді оқы­ту­­дың институттық негіздерін же­тіл­діру, қызмет этикасын сақ­тау жөнін­дегі негізін құрайтын талаптар­ды орнықтыру секілді жағым­ды сәттері атап өтілді. Б.Бек­на­заров бұл мәселелердің шеші­луі Қазақстан азаматтарының негіз­гі конституциялық құқықтары мен бостандығының қорғалуын көр­се­тетінін, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетулердің тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететінін айтты. Дөңгелек үстелде әділет ми­нистрі Марат Бекетаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова, мемлекеттік қызмет саласындағы Астанадағы аймақтық хаб басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменов сөз сөйледі. Пікірсайысты Сенаттың Конс­титуциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақыл­бай қорытындылады. Ол шара барысында айтылған ұсыныстар Парламенттің бұдан былайғы заң шығару жұмыстары аясында жұмыс топтарында қаралатынын атап өтті.