• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2016

«Қаңбақ шалға» Барселона мен Париж қошемет көрсетті

314 рет
көрсетілді

Астананың Қуыршақ театры Барселона мен Парижде өткен Халықаралық қуыршақ карнавалының кездесулеріне қатысты.  Әлемнің 54 мемлекетінен жиналған үздік театрлық ұжымдар өзара тәжірибе ал­ма­сып, өнердің осы түрін дамыту мәсе­лелерін талқылады. Іс-шаралар барысында Астана қаласы Қуыршақ театрының директоры Тоғжан Хасанғалиева «Планшетті қуыршақтар» тақырыбында баяндама жасады. Планшетті қуыршақтар дегеніміз – сахна төсемінің үстінен «жүре» алатын қуыр­шақтар. Қазіргі кезде өнер әлемінде бұл ұғым кеңінен танымал әрі әлемнің үздік театрлары нақ осы планшетті қуыршақтармен жұмыс істейді. Елордалық қуыршақ ойнатушы әртістер де оларды өз қойылымдарында қолданып келеді. Испания мен Францияның ірі мәдени қалаларында өткен Халықаралық қуыршақ карнавалының шеберлік-сабақтарында елордалық әртістер ұлттық стильде жасалған үстел планшетті қуыршақтармен өнер көрсетіп, шетелдік әріптестерінің назарына «Қаңбақ шал» халық ертегісін ұсынды. Халықаралық карнавалдың кездесулеріне қатысқан шетелдік үздік қуыршақ ойнатушы әртістер Астана Қуыршақ театры әртістерінің шығармашылығы мен кәсіпқойлығын жоғары бағалағаны да бір ғанибет. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»