• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2016

Жасампаздық жылнамасы

386 рет
көрсетілді

1998 *6 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Елбасы Ресей Президенті Б.Ельцинмен және Премьер-министр С.Кириенкомен кездесті. Басқосуда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырға бағдарланған «Мәңгілік достық пен одақтастық туралы» Декларацияға қол қойылды. Онда Қазақстан мен Ресей Федерациясының президенттері берік бейбітшілік, тұрақтылық және кепілдендірілген қауіпсіздік жағдайында XXI ғасыр екі мемлекет үшін де жан-жақты дамуға, экономика мен мәдениетті көтеруге кең ауқымды перспективалар ашатынына сенім білдірген. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 7 шілде күнгі нөмірінде «Қазақстан-Ресей: ХХІ ғасырға бағытталған сара жол» тақырыбымен мақала жарияланды. *17 шілдеде Шолпан-Атада Қазақстан мен Қырғыз­стан басшылары Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны делими­тациялау туралы меморандумға қол қойды. * 24 тамызда Қазақ ұлттық музыка өнерін дамытуға с­і­ңір­ген аса үздік еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін ком­позитор Нұрғиса Тілендиевке «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз тапсыру жөніндегі Президент Жарлығы шықты. *25 тамызда ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарыштан оралды. Бұл жолы ол «Мир» ғарыш стансасы экипажының командирі болып оралды. Ғарышкерді Жезқазған жерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды. *3 қыркүйекте Президент Жарлығымен Алматы облы­сын­дағы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгертілді. *11 қыркүйекте Алматы облысының Жамбыл ауданында қазақтың Қарасай батырының туғанына 400 жыл толуына арналған салтанат болып өтті. Салтанатқа Қазақстан мен Қырғызстанның басшылары – Нұрсұлтан Назарбаев пен Асқар Ақаев қатысты. * 18 қыркүйекте «Мемлекеттік органдар жүйесін одан әрі оңтай­ландыру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жар­лығына қол қойылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери құрамы 1000 әскери қызметшіге, Бас прокуратура 500 қызметкерге қысқартылды. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі құрылды. *6 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Елбасы Ресей Президенті Б.Ельцинмен және Премьер-министр С.Кириенкомен кездесті. Басқосуда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырға бағдарланған «Мәңгілік достық пен одақтастық туралы» Декларацияға қол қойылды. Онда Қазақстан мен Ресей Федерациясының президенттері берік бейбітшілік, тұрақтылық және кепілдендірілген қауіпсіздік жағдайында XXI ғасыр екі мемлекет үшін де жан-жақты дамуға, экономика мен мәдениетті көтеруге кең ауқымды перспективалар ашатынына сенім білдірген. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 7 шілде күнгі нөмірінде «Қазақстан-Ресей: ХХІ ғасырға бағытталған сара жол» тақырыбымен мақала жарияланды. *17 шілдеде Шолпан-Атада Қазақстан мен Қырғыз­стан басшылары Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны делими­тациялау туралы меморандумға қол қойды. * 24 тамызда Қазақ ұлттық музыка өнерін дамытуға с­і­ңір­ген аса үздік еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін ком­позитор Нұрғиса Тілендиевке «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз тапсыру жөніндегі Президент Жарлығы шықты. * 25 тамызда ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарыштан оралды. Бұл жолы ол «Мир» ғарыш стансасы экипажының командирі болып оралды. Ғарышкерді Жезқазған жерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды. * 3 қыркүйекте Президент Жарлығымен Алматы облы­сын­дағы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгертілді. *11 қыркүйекте Алматы облысының Жамбыл ауданында қазақтың Қарасай батырының туылғанына 400 жыл толуына арналған салтанат болып өтті. Салтанатқа Қазақстан мен Қырғызстанның басшылары – Нұрсұлтан Назарбаев пен Асқар Ақаев қатысты. *18 қыркүйекте «Мемлекеттік органдар жүйесін одан әрі оңтай­ландыру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жар­лығына қол қойылды. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери құрамы 1000 әскери қызметшіге, Бас прокуратура – 500 қызметкерге қысқартылды. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі құрылды. *22 қыркүйекте Президент Н.Ә.Назарбаев Италияға ресми сапармен барды. Сапар барысында Италия Президенті О.Л.Скальфаромен және Министрлер Кеңесінің Төрағасы Р.Продимен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаевтың Италияға бұл ресми сапары екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуге ықпал етті. Елбасы Италия Президенті О.Л.Скальфаромен, Министрлер Кеңесінің Төрағасы Р.Продимен, Ватиканның және Рим католик шіркеуінің басшысы Папа Иоанн Павел ІІ-мен келіссөздер жүргізді. Қасиетті Тақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара түсіністік туралы келісімді айрықша бөліп айту керек. Қазақстан осындай құжатқа қол қойған ТМД-дағы тұңғыш мемлекет болды. Келісімге қол қойылғаннан кейін таратылған Ватиканның ресми мәлімдемесінде аталған келісімді жасасу «тарихи оқиға» деп аталды. Сапар барысында Италия Республикасының Президенті Оскар Скальфароға «Достық» ордені тапсырылды. * 7 қазанда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Президенттік билік мерзімі 5 жылдан 7 жылға ауыстырылды. Сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс беруге қатысса, сайлау өткізілді деп есептелетін болды. «Мемлекеттік қызметшінің жасы алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауға тиіс» деген сөздер алынып тасталды. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау партиялық тізімдер арқылы да жүргізілетін болып белгіленді. * 12 қазанда Ресей Президенті Борис Ельцин Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей Федерациясының ең жоғары наградасы – Қасиетті әулие Андрей Первозванныйдың ордені тапсырылды. Екі ел басшылары 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы қаулыға қол қойды. * 28 қазанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасы тәуелсіздігінің 75 жылдығына арналған салтанатқа қатысты. *29 қазанда Анкарада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Президенті Гейдар Алиев, Грузия Президенті Эдуард Шеварднадзе, Өзбекстан  Президенті Ислам Каримов, Түркия Президенті Сүлеймен Демирел мұнайды «Шығыс – Батыс» дәлізі арқылы әлемдік нарыққа тасымалдау туралы декларацияға қол қойды. *30-31 қазан күндері Президент Н.Ә.Назарбаев Өзбекстанда ресми сапармен болды. Сапар барысында Елбасы Өзбекстан Президентімен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды. Қазақстан Президентіне Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Буюк хизматлари учун» ордені табыс етілді. Екі ел басшылары Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы «Мәңгілік достық туралы» шартқа қол қойды. * 12 қарашада Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік комиссиясы құрылды. * 15 желтоқсанда Астанадағы Конгресс-холлда республиканың Тәуел­сіздік күніне арналған салтанатты мәжіліс өткізілді. Онда Мемлекет басшысы сөз сөйледі. Бұл жөнінде «Егемен Қазақстан» газетінің 16 желтоқсан күнгі нөмірінде Елбасы сөзін негізге алған «Жасай бер, Тәуел­сіз Қазақстан» тақырыбымен мақала жарық көрді. *22 желтоқсанда Қазақстан Респуб­ликасының «Неке және отбасы туралы» Заңы баспасөзде жа­рия­ланды. Осы күні Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Елбасы Жарлығы шықты. *30 желтоқсанда Президент Жарлығымен 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жарияланды.