• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2016

Астана қаржы орталығы Лондонда Инвесторлар күнін өткізді

230 рет
көрсетілді

  «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) TheCityUK, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі, Англия мен Уэльстің алқа есепшілері Институтымен (ICAEW) бірлесіп Лондонда Инвесторлар күнін өткізді. Іскер қауым мен бизнес қауымдастық өкілдері алдында Қазақстанның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия корольдігіндегі Елшісі Ержан Қазыханов, ICAEW Атқарушы директоры Роберт Ходкинсон, The City UK Еуразия елдері бойынша Басшысы Стив Борн және АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов сөйледі. Елші Қазыханов жиналғандардың назарын Қазақстанда жағымды инвестициялық жағдай жасауға мүмкіндік беретін экономикалық өсімге аударды. Оның айтуынша, бұл бағыт бойынша АХҚО маңызды рөл атқарады, өйткені, бұл әлемдік талаптарға сай келетін жетекші қаржылық орталық болмақ. The City UK Еуразия елдері бойынша басшысы Стив Борн The City UK мен Еуропалық қайта құру және Даму банкі АХҚО-мен қол қойылған Ынтымақтастық Меморандумы аясында жаңа қаржылық орталықтың дамуына көмектесу бойынша жұмыс істейді. Ұлыбританияда орналасқан қаржылық және соған қатысты кәсіби қызметтердің индустриясы бұл бастаманы қолдайды және бұл жобаның жағымды инвестициялық климат құруына әрі халықаралық бизнес талаптарына интеграциялануына ықпал етеді деп есептейді. АХҚО құру Қазақстанның бизнес үшін ашықтығын және АХҚО құрылымдалатын мықты нормативті-құқықтық базаға тікелей шетелдік инвестицияны тартуға дайын екендігін білдіреді. ICAEW Атқарушы директоры Роберт Ходкинсонның айтуынша, АХҚО-ның  құрылуымен аймақтың инвесторларға деген тартымдылығы онан әрі арта түспек, себебі, бұл орталық ағылшын құқығы мен талаптары, оның ішінде қаржылық есептілік талаптарына сай жұмыс істемек, бұл дегеніңіз, халықаралық талаптарға сай келу. Британдық инвесторларға АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қаржылық орталықтың стратегиялық бағыттары туралы айтып берді. АХҚО Қазақстан экономикасын әртараптандыруға арналған құрылымдық реформалардың бір бөлігі, елде әлемдік деңгейдегі қаржылық орталық ретінде тиімді жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалынған. Оның үстіне, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ұлттық компанияларының жекешелендіру процесі АХҚО биржасында өтеді. Келімбетов, сонымен қатар, Қытайдың «Жібек Жолы экономикалық белдеуі» сынды бастамасы қазақстандық даму бағдарламаларымен тығыз байланысты, сондықтан АХҚО-ның осы бағдарламаның қаржылық хабы ретіндегі әлеуеті өте жоғары дейді. Инвестордар күніне қатысушыларды АХҚО басым бағыттары, стратегиялық серіктеспен бірге биржаны құру мәселелері, Сот, Арбитраждық Орталық туралы сауалдар қызықтырды. АХҚО Басқарушысы мен өкілдері британдық кәсіпкерлердің көптеген сауалдарына нақты жауаптарын берді.