• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды

220 рет
көрсетілді

Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) командалары арасындағы келіссөздер күтілген мерзімнен көп жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Геннадий биыл шаршы алаңға шықпайды, деп хабарлады sports.kz. Айта кетейік, Головкиннің кездесуі 10 желтоқсанда в Нью-Йорктегі  Madison Square Garden аренасында болады деп жоспарланған. Алайда қазақстандықтың өзге қарсыласпен кездесу ниеті жоқ. Джейкобспен кездесу 2017 жылдың алғашқы айларында өтеді деп көзделген. «Головкин келесі жекпе-жегін Джейкобспен өткізеді, - деді RingTV берген сұхбатында боксшы промоутері Том Лёффлер. - Бұған дейін жұдырықтасу мүмкін емес, өйткені WBA Дэниельмен кездесуді міндеттеді. Геннадий - қазіргі бокста ең белсенді спортшы, алайда осындай жағдайларға тап болғанда, келіссөздерге көп уақыт кетеді». «Промоция тұрғысында мұндай жекпе-жекке көп дайындалу керек. 10 желтоқсанға дейін аз уақыт қалғандықтан, кездесуді 2017 жылы өткізетін болдық».