• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

Қазақстан тұрғындарының 73%-ы интернет пайдаланады

271 рет
көрсетілді

Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінде ведомство басшысы Дәурен Абаевтың төрағалығымен алқа отырысы өтіп жатыр. Жиынның мақсаты ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылау жəне алдағы міндеттерін айқындау. Отырысты ашқан Дәурен Абаев тəуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттің дамуындағы ерекше кезеңдерге тоқталды. Жиын барысында Тәуелсіздік алған сәттен бастап ақпарат, ақпараттандыру жəне байланыс саласының инфрақұрылымы іс жүзінде қайтадан құрылғаны, 90-шы жылдардың басында Қазақстанда телекоммуникация желілерінде 12,5 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық кабельді магистраль салынғаны, 1999 жылы қалааралық/халықаралық байланыс желісі 100% цифрлық болғаны айтылды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша Қазақстан "желілік дайындық" индексі бойынша 39 орында, "Интернетті пайдаланушылар тығыздығы" бойынша 41 орында, ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы заңнаманың даму деңгейі бойынша 38 орында жəне БҰҰ рейтингісінде "Электрондық үкімет" индексі жөнінен əлем бойынша 33 орында тұр. Тағы бір атап өтерлік мәселе, халықты кеңжолақты Интернетке қолжетімдікпен қамтамасыз ету. Бүгінде Қазақстан тұрғындарының 73%-ы интернетті пайдаланады. Тұрғындар саны 10 мыңнан асатын жəне одан да көп ауылдық елді мекендерде 3G стандартының мобильді байланысы енгізілсе, 4G стандарты тұрғындар саны 50 мың жəне одан да көп ауылдық елді мекендерде қосылған. Ал 2017 жылдың соңына қарай, еліміздің барлық аудан орталықтары 4G стандартымен қамтылмақ. Ләйла Еділқызы