• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2016

Деңгей көтеретін дәріс

297 рет
көрсетілді

 Балалар үйлері мен оңалту орталықтарының мамандарына дәріс өтеді Алдағы күндері Қазақстанда ал­ғаш рет балалар үйлері мен оңал­ту орталықтарының қыз­­меткерлері арнайы шеберлік сыныптарынан өтетін болады. Бі­рінші болып бұл бастаманы «ВІ-Жұлдызай» корпоративтік қоры  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірге қолға алып отыр. Арнаулы дәрістер балалар үйлерінің ғана емес, мектеп-интернаттар, түзету мектептерінің педагогтарының арасында да жүретін болады. Бастапқы кезде шеберлік сыныптары Қазақстанның ірі төрт қаласы – Астана, Алматы, Шымкент және Атырауда өтеді. Бұл дәрістерге танымал өнер жұлдыздары да тартылмақ. Олардың арасында «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының белді әртісі Досжан Табылды, «Ast City Ballet» балет студиясының жетекшісі Адыл Эркинбаев, «Жұлдыз-ай» фестивалінің қоюшы-режиссері Ғалия Байбосынова, Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­тері Ұлттық әскери-пат­риоттық орталығының әншісі Мәдина Асқарова бар. Шебер­лік-сағаттарын өткізуге ыммен жұмыс істейтін аудармашылар көмекке келмек. Бұл шара балалармен жұ­­мыс істейтін мамандардың кәсіп­қойлығын арттыруға септесетіні сөзсіз. Сол сияқты, бұл дәрістер мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған республикалық «Жұл­дыз-ай» фестиваліне қа­ты­са­тын жеткіншектердің өзіне де­ген сенімі мен өнерін шыңдайды, фестиваль деңгейін көтереді де­ген үміт бар. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ