• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2016

Жалынды жастар жиналып...

505 рет
көрсетілді

Таяуда Жезқазған қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы шеңберінде «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік Ел – тұрағым» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Бұл ауқымды шараны ұйымдастырған – Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Жезқазған қаласының әкімдігі, Жезқазған Бизнес және көлік колледжі. Бизнес және көлік колледжінде өткен шараның ресми ашылу салтанатынан соң, бұрынырақ жарияланған, Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановқа арналған ақындар мүшәйрасының қоры­тындысы хабарланды. Қазылар алқа­сының шешімімен бірінші орынды жез­қазғандық ақын Дәуренбек Бұланбаев иеленсе, екінші-үшінші орындар­ды, тиісін­ше қарағандылық Ерболат Қуат­беков пен Қайрат Иманбеков еншілеп, қар­жы­лай сыйлықтарды қанжығаларына байла­ды. Сонымен қатар, Жанат Әбдіғожин, Мақ­сат Күземханов, Абай Ораз, Әсел Дүй­сем­баева, Ақнұр Нұрғазиева сын­ды жас ақын­дар да Алғыс хаттармен, ақ­ша­лай сый­лық­тармен марапатталды. Соңы­нан Жез­қаз­ғандағы Ахмет ишан Оразай­ұлы атын­дағы мешіттің бас имамы Мәди Смағұлов аруақтарға бағыштап құран оқыды. Бұдан кейін осы колледжде көптен көкейде жүрген игі мақсат жүзеге асты. Оқу орнында өскелең ұрпақ тәрбиесімен, қоғамдық шаралармен айналысатын «Серпін» жастар орталығы ашылды. Орта­лық­тың студенттерге арналған өз асханасы, баспаханасы, тұрмыстық қызмет көрсету орны бар. Бұдан бөлек, мұнда монша жұмыс істейді, жазғы теннис корты да осында. Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мирас Құттыбай мен Астана, Қарағанды қалаларынан келген өнер тұлғалары Жез­қазған қаласының белсенді студент жас­тары­мен кездесіп, келелі мәселелерді орта­ға салды. Ал «Нұр Отан» партиясы Қара­ған­­ды облыстық филиалының жанын­дағы «Жас Отан» жастар қанатының төр­ағасы Нұржан Жетпісбаев студенттерге арнап «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Бесін ауа шараға қатысушылар Жезқаз­ған қаласындағы Халықтар достығы және мәдениет үйінде Астана мен Қарағанды өнерпаздарының, Жезқазған қалалық филармониясының, «Ақ әжелер», «Жар-жар шоу» ансамбльдерінің, басқа да жер­гілікті әнші-бишілердің қатысуымен өткен «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты концерттік бағдарламаны тамашалады. Кешкісін шара қонақтарын Жезқазған қаласының әкімдігі қошеметпен қабылдап, игі лебіздерін білдірді. Ал екінші күні шағын футболдан өнер адамдары арасындағы  дәстүрлі  VІ «Қасым» кубогына кезек берілді. Нәти­жесін­де, Жезқазғанның «Мәдениет майтал­ман­дары» және «Ұлытау» команда­лары бірін­ші, екінші орындарға табан тіресе, қараған­дылық «Арқа» командасы үшінші орыннан көрінді. Қоғамдық бастамаларға, әсіресе рухани шараларға елеңдеп отыратын Жезқазған жұрты бір серпіліп қалды. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы